18.04.2022
197
ТЕҢІЗДІ КӨРМЕЙ ТҰРҒАНДА
Көңілімді сан мәрте жеңіс бөліп,
Үлгердім бе, кім білсін, жеміс беріп?
Теңіздерге тұрғанда сапар шекпей,
Өзімді-өзім жырладым теңіз көріп.
Түссем де ерен қаншама өктем ізге,
Кете алмадым айналып көк теңізге.
Толқын болып соғылып жатты ашуым
Өкпелеген жандайын көктем, күзге.
Ендеше, айтшы,
Көгіне толқын атқан,
Күндер –
Бұлақ белдерден орғып аққан, –
Кісі аяғы баспаған жағалаудан
Мені де кім кепіл шығармасына
Теңіз-арман кеудемде толқып жатқан?!