18.04.2022
108
ҚАЛА САЙЫН БІР ТҮРМЕ
Сор-зобалаң халқыма еріп жүр бірге,
Көкірегім қайдан толсын күмбірге.
Қайда барып күн көреміз, ей, досым,
Осы күні
Қала сайын бір түрме.
Сол қасіретті жібере алмай құзға атып,
Жүрегімді келем әлі сыздатып.
Мұзды әлемнен бір-ақ шықпай қайтесің,
Тықса әкеліп тірідей
Тоңазытқыш – түрмеге
Қойған еттей мұздатып,
Қойған еттей мұздатып!