18.04.2022
2256
Мұса (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғалары
Оқылуы: Рабби нәжжини минәл қаумиз залимин.
Мағынасы: «Уа, Раббым! Мені залым қауымнан құтқара көр» («Қасас», сүресі, 21-аят).
Оқылуы: Рабби инни лимә әнзәлтә иләйиә мин хайрин фәқир.
Мағынасы: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» («Қасас» сүресі, 24-аят).
Оқылуы: Раббишрахли садри уә иәссирли әмри уәхлул ‘уқдәтәм миллисәни иәфқаһу қаули.
Мағынасы: «Уа, Раббым! Көкірегімді кеңейтіп, иман нұрына, ілімге толтыра көр! Ісімді жеңілдете көр! Тілімдегі түйінді шеше көр! Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын» («Таһа» сүресі, 25-28-аяттар).