17.04.2022
  115


Автор: Рафаэль Ниязбек

МОЙЫНҚҰМНАН СӘЛЕМ

Ағаңмын ғой,
Не айтсам да сене бер,
Оған бола сарқылмасын жыр-әнің.
Қонақ бола білем десең сен егер
Мойынқұмға келіп қайтқын, шырағым.
Шолжаң өскен баласындай жалғыздың,
Өмір бізді еркелетті ғажап тым.
Сорлаған да кездеріміз бар біздің
Көп дәстүрін жақсы білмей қазақтың.
Бұған бола сарқылмасын жыр-әнің,
Ағаңмын ғой,
Не айтсам да сене бер.
Мойынқұмға келіп қайтқын, шырағым,
Шын қазақты көргің келсе сен егер.





Пікір жазу