17.04.2022
  139


Автор: Рафаэль Ниязбек

ШОПАН АТА ЖАЗЫЛБЕК ҚУАНЫШБАЕВТЫҢ МЕКТЕБІ


Шопан ата!
Күнің жоқ нұрлы өтпеген,
Сонан ба екен құлпырып қыр көктеген.
Кең далама орнадың Мектеп болып,
Барша жұртың қараған құрметпенен.
Құрметпенен қарайды көкте күн де,
Нұры сенің жатқандай от деміңде...
Боз көйлекті боз Өмір өркен жайды
Шопан ата!
Сенің сол мектебіңде.
Қос қанатын айдынға таласа ұрған,
Түлегіңді сәт сайын дала ұшырған.
Дәріс алған шәкірттер
Мектебіңнің –
Жүректері емес пе аласұрған.
Ойлы көзбен үңілген өткеніне,
Абыз шалсың жайғасқан көк төріне.
Алатаудай ақиық бола білдің
Алтын сарай салынған бөктеріне.
 Жеттің, ата, жетпеген арманыңа,
Сұм тағдырдың ілінбей қармағына.
Омырауыңа тағылған Алтын Жұлдыз
Сәуле шашып келеді бар маңыңа.





Пікір жазу