17.04.2022
  136


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨМІР, САҒАН АМАНАТ

Жүрегімді нұрымен жылытқан мың,
Көріп туған атқаннын күліп таңның.
Осы ұлымды, ей, Өмір, өсірмегей
Бірі ғылып қадірін ұмытқанның.
Тербетілген даланың кешкі үнінде,
Бір өрліктің бары анық кескінінде.
Өр халқының жүрегін түсінер ме
Отырса егер от басы, пеш түбінде.
Тірі, сірә, жүргесін жер төсінде,
Ұлым деп те соңыңнан ертесің де.
Азамат боп өсер-ау
Ел сыйлаған
Бар болса егер бір сәуле зердесінде.
Ұлым менің тауына бір беттемей,
Үйде омалған жан ба еді дүрмекке ермей.
Құрметтейді ол қайтіп туған халқын
Ана тілін жүрсе егер құрметтемей.





Пікір жазу