meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.04.2022
  155


Автор: Рафаэль Ниязбек

АРМАНЫНА ОРАЙ АДАМЫ

Шырай берген таңдардың арайына,
Құлай келген жігіттің талайына,
Нағыз асыл арманға не жетеді
Шырақ жаққан жаныңның сарайына.
Армандаудан, әрине, арланбаған
Жандар ғана өмірде алданбаған.
Асыл болып және де қалары анық
Адам ғана асылды армандаған.





Пікір жазу