17.04.2022
107
ҰСТАЗ
Көз тіккен сонау заңғарға
Ұстаздан өткен жан бар ма?!
Шәкіртің – жасыл көктемің
Қол созған алғы таңдарға.
Жалындап шығып көк белге,
Жарқырап нұрың жетті елге.
Өзіңдей, сірә, болар-ау
Айналған адам Көктемге.
Жүздерді шарпып от демің,
Жылдардың кешіп өткелін.
Көңіліңді гүлмен көмкеріп
Жасай бер Ұстаз-Көктемім!