17.04.2022
  114


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЛЫП

Жаралдым ба кім білсін жыр-алыптан,
Жерім, сірә, болмапты мұң танытқан.
Сан қалыпқа жүрсем де түсіп шығып
Өзгермедім алайда бір қалыптан.
Жүргесін бе төсінде бұл өңірдің,
Қай үйге де жадырап күле кірдім.
Кейде тасып,
Тартылып жатар кейде
Арнасымын мен-дағы бір өмірдің.
Жоқ кезімде әрине жасымадым,
Тоқ кезімде әрине тасымадым.
Өз бояуын –
Қуарып, көгерсе де
Көрмепті әсте жоғалтып жасыл бағым.





Пікір жазу