17.04.2022
  131


Автор: Рафаэль Ниязбек

СӘБИ КӨТЕРГЕН АНА

“Көз алдыңда балаңның ержеткені,
Жұлдызыңның жанғаны жер-көктегі”.
Осыны ойлап, көтеріп келеді ана
Қызыл шақа сәбиін жөргектегі.
Жұрттың бәрі анаға қарайлаған,
Бақыт нұры бал жүзін арайлаған.
Жүйткіп жеткен ор киік – таксилер де
Өтер кезде тұсынан абайлаған.
 Көбелектей бейне бір отты айналған,
Бәрі анаға жол беріп, тоқтай қалған.
Машиналар орнынан қозғалмайды
Светофорды көргенде шоқтай жанған.
Жан еді ол кезінде жарқын өскен,
Жел тимесін жүзіне салқын ескен.
Ей, адамдар!
Сендер де жол беріңдер
Нар халқымның шығармай салтын естен.
Бақыт құсы басына қона сапты,
Бұлақтайын ол қашан оңаша ақты.
Жол беріңдер анаға
Сәби дейтін
Келе жатқан көтеріп Болашақты.





Пікір жазу