ҚАДІРЛІ ҚАЗЫНА ЖАЙЫНДА
Халқымыздың өткендегі рухани өмірінде өлең-жыр, жаңа ән мен күй көне әдебиетімізден келген қадірлі, мәңгілікті мұра. Тарихи тұрмыс жағдайларының себептерінен көркемөнердің алуан қилы өзге өрнектерінен көрі, өлең- жырда, ән-күйде біздің халықтың рухани қуаты кереметті әсермен көрінген. Қазақтың халықтық ән-күйлерін тұңғыш жинаушы – біздің музыка мәдениетімізге қамқорлықпен, зор құрметпен баға жетпес еңбек еткен ардақты ақсақалымыз Александр Затаевичтің сол ән-күйлер жайында біздерге: бұлар – сендердің асыл мұраларың, бұларды қадірлеп сақтай біліңдер деген сөзі аса жоғары баға да, ақиқат пікір. Затаевич жинаған қазақ әндерімен танысқаннан кейін ұлы Горький, сол әндерге сүйсіне былай деп жазды: «Мінекей, менің алдымда қазақтың 1000 әнінің жинағы жатыр. Бұл әндер нотаға түсірілген. Бұлардың ішіндегі өзіндік өзгешелігі күшті көркем әндер болашақ Моцарттар, Бетховендер, Шопендер, Мусоргскийлер, Григтер үшін бай материал
болмақ...» – Кемеңгер жазушы өзінің осы жылы, терең сезіммен жазған сүйініш сөзінің соңында қазақ халқы туғызған (және басқа да ұлттар жасаған) бұл секілді көркем әндер еліміздегі бүкіл еңбек адамдарының ортақ игілілігі болуын өсиет ете кетеді. Ұлы жазушының сол тілегін кешікпей- ақ жүзеге асқанын көзбен көрдік. Қазақ халқының дана, тапқыр ой қиялынан, ұшқыр сезімдерінен туған ән мен күйлер – бұрын тек ауыл үйде, алқа- қотан ортада ғана айтылса, енді қазір, біздің заманда республикалық, бүкілодақтық зор сахна төрлерінен, радио толқындарынан мол шырқалып, орыс және басқа туысқан халықтардың да рухани ортақ игілігіне айналды, тіпті шетел халықтарына да таралып келеді.
Көркем өнер салаларының ішіндегі көпшілікке ең көп тараушы – халықтық ән-күйлер. Солай болғандықтан халқымызға әлі де рухани азық болып келе жатқан осы қадірлі мұраны қасиеттеп пайдалану, құнттап зерттеу, меңгеру мәселесін жоғары көтеруіміз қажет болып отыр.
Музыкалық фольклорды жинап зерттейтін республикамызда дербес ғылыми мекеме бар, ол Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу секторы. Ал қазақ ән-күйлерінің музыкалық ерекшелігі, тарихи спецификалық мәселелері жайында, саздарының, сөздерінің әлеуметтік мәндері жайында, көп ән-күйлердің шығуы, тууы туралы, оларда жыр болатын кейіпкерлер туралы, ақыры сол ән-күйлерді шығарушылар кімдер міне осылардың бәрі жайында ғылыми-зерттеу еңбектері мен қалың көпшілікке арналған очерк, кітапшалар қажет-ақ. Бұл мәселелерді өнер зерттеу секторы орнынан қозғай алмай келеді. Затаевич
өрнектеп кеткен қазақ ән-күйлерін өздеріне азық етуге құштарлары соншама көп болса да, оларды зерттеуге, олардың қасиеттерін көпшілікке әйгілеуге талаптанғандық жоқтың қасы. Бұл ретте тек қазақ музыка тарихын зерттеуге шұғыл зер салып, келелі еңбек етіп жүрген профессор А.Жұбановты ғана және қазақ музыка фольклорын жинастыруға пейіл қойған Б.Ерзаковичті ғана айтамыз.
Біздің музыка мәдениетімізде шешуді немесе келісуді керек ететін екінші бір мәнді мәселе
- халық мұраларын пайдалану мәселесі. Бізге кейбір музыка біліктілері – советтік музыка, советтік опералар халықтық болуы керек, осыған сәйкес халықтық ән-күйлерді опера және балеттерге және музыкалық шығармалардың өзге түрлеріне де пайдалана беруге болады, – деп иландырады. Ал біздер, әдебиетшілер, халықтық дегенді халық шығармаларын бүтіндей пайдалану деп түсінбейміз. Біздіңше, халықтық шығарма – халықтың белгілі бір дәуірдегі әлеуметтік қалпын, мінез-құлқын, қалың бұқараның арман-тілегін, ұлттық рухани қуатын арқау етуші, соларды сипаттаушы шығарма болмақ. Бұл қасиеттер халық шығармаларын солайынша бүтіндей олжаланудан шықпайды, олар әрбір жазушының творчестволық негізінен туады, ақын-жазушылар фольклорды осы творчестволық жолмен пайдаланады. Мысалы, жазушы Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан сахналық шығарма жасағанда, оларды фольклорлық тұрғысынша пайдаланбай, идеялық және мазмұндық желілерінен өзгерте, жаңарта отырып, өзінше жаңа шығарма етіп шығарған. Мұнда
фольклорлық шығармалар тек материал есебінде ғана пайдаланылған. М.Горький қазақ ән-күйлері жайында жоғарыда келтірілген пікірінде: «Бұл көркем әуендер келешек Моцарттар, Бетховендер үшін бай материал болатынын» атап көрсеткен еді. Солай болғандықтан біздің композиторлар халық ән-күйлерін материал ретінде негізге алып, өз шығармаларына, әсіресе опералық шығармаларға сол халықтық сарынды, ұлттық әуенді бере білсе, орынды да игі іс болар еді.
Мәселе халыққа мейлінше сіңіскен, өзінің белгілі тарихы, мәні бар ән-күйлер мен белгілі авторлары бар шығармалардың тағдыры туралы болыпотыр. Қазақопераларынжасаудағыосыкезге дейінгі болып келген тәжірибелер өрістей берсе, таяу жылдарда халық сыбағасындағы ән-күйлер құлдырап, әркімнің олжасы болып кетпекші. Біз кейбір операларда орынды, жанасымды етіліп пайдаланылған кейбір ән-күйлерді сөз етпейміз, мысалы: «Біржан – Сара» операсында Біржан әндерінің, «Абай» операсында Абай әуендерінің, тіпті «Қыз Жібекте» «Гәкку» секілді белгілі әндер мен биге лайықты кейбір күйлердің болуы қонымды да көрікті.
Халықтық шығармаларды пайдалану жөніндегі екінші бір мәселе пайдаланылған ән-күйлердің сол операдағы образдардың характеріне жасаған кезеңіне сай келуі. Өткен өмірдегі әлдекімнің ғашықтық назын сездіретін белгілі әннің операда бір батырдың немесе ханның ыза әуендері болып естілуі немесе патша заманында ұлықтардың байлардан қуғын көріп жан ызасын толғаған белгілі ерлердің (халық әншілерінің) әндерінің, қайдағы бір жыраулардың, қарақшылардың ауыздарынан
шығуы да ұнамсыз секілді.
Осыған сәйкес советтік тақырыпқа жаңа опералар жасағанда, халық ән-күйлерін пайдалану тәжірбиесі қалай өрістемекші деген мәселе туады. Ән-күйлерді зерттеу, халықтық сарындарды меңгеру, кейбір ән-күйлерді өңдеп, творчестволық жолмен кәдеге жарату, әсіресе сөзі, үні жоғалып бара жатқан бірқатар әндерді қайта жаңарту – біздің композиторлардың игі ісі. Ал жоғарыда көтерілген мәселелер жеке адамдардың пікірі емес, жұртшылықты ойландырып жүрген мәселе болғандықтан, біздің музыка мамандарымыздың сол талаптарға жауап, түсінік бергені мақұл.
Аса бір көңіл бөлерлік мәселе – халық әндерінің сөздері – текстер жайында. Жоғарыда аталған өнер зерттеу секторы бұл туралы берекелі ештеңе істеген жоқ. Ал халық әндерінің сөздері бей- берекет бүлініп, шатастырылып айтылып жүргені халықты да, мәдениет жұртшылығын да әбден қынжылтады. Бұл мәселедегі тәртіпсіздік шегінен асқан деуге болады, радиодан, әншілер аузынан, филармония концерттерінен халықтық ғажап әндердің әуендеріне, сырларына сай келмейтін бұрмаланған, бытысқан текстерді көп естиміз.
Қазақтың халықтың ән-өлеңдерін тереңірек сезіне қарасақ, сол таң-тамаша мұраларды жасаушылардың әрі композитор, әрі жақсы ақын болғандығын аңғарамыз. Ақын біздерге аты-жөні белгісіз көптеген халық таланттары өздерінің әсем сырлы ән саздарына лайық мағыналы, әсерлі сөздер де таба білген. Кереметті, қуатты музыка толқынды ой сезімнен туса, оның сөзі де сондайлық өткір, терең сырлы болмақ.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын, Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын. Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе, Сен түгілі, патшаңа да бас ұрмаймын.
(Біржан)
Ауылым қонған Сырымбет саласына, Ғашық болдым Ақсұңқар баласына, Бидайыққа лайық қарағым-ай, Бөктергіге қор болып барасың ба?
(Ақан сері)
Өткен соң көрген қызық көрмегендей, Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей, Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе, Қайрап ап қалың жауға сермегендей.
(Мәди)
Бұл сөздерден зорлық күштерге, тіпті патшаға бас имейтін, қалың жауға көк семсердей сермелетін, тәкаппар өр жандардың, шын сүйіскен ғашық жардың, қорлық орына түскен аруларға арашашы болып шығатын ақындардың үндері еседі. Мұндай өткір көркем бейнелі сөздерсіз бұл әндердің сырларын да ұғу қиын болар еді.
Сол секілді қазақ ауылының ескі тұрмыс күйлерін шертетін, теңдікті, еркін махаббатты аңсаған жастардың үміт сезімдерін қайғы- армандарын сездіретін мына сынды әндердің өздері де әсем емес пе?
Ей, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген, Артыңнан мен ақ тұйғын жетем деген.
Ойымда жатсам, тұрсам бар ма менің. Айрылып сенен, сәулем кетем деген.
(«Ардақ»)
Жазайын ақ қағазға сызылдыртып, Еркеме сөз сөйлейін үзілдіртіп, Отырсаң ақ боз үйде маслихатпен, Шіркіннің екі көзін сүзілдіртіп.
(«Назқоңыр»)
Бұл өлеңдерде нағыз халықтық, ұлттық көркемдік қасиет бар. Бұл лирикалы әндерді естігенде соларды шығарған белгісіз ақын- әншілердің, зергер қиялына, сөз дарындылығына, бой тебірентер күшті әуендеріне қайран қаласың. Осылар сияқты халықтың сүйікті әндері «Қызыл бидай», «Аққұм», «Шилі өзен», «Гакку»,
«Көкжендет», «Қамажай», «Жайқоңыр»,
«Шәпиябану», «Жеңеше-ай» сияқты өлеңдердің де әндеріне сөздері сай.
Көптеген халықтық әндердің қазіргі айтылуында сөздерінің әуеніне сай еместегін, бүлінгендігін, өзгергендігін көреміз. Бұған басты себеп, халық әндерінің әуелгі, түп сөзі келе-келе ұмытылып жоғалған да оларға кейін әр әнші әртүрлі тіркеп, өзінше айта бергендіктен болған, екіншіден, кейінгі кездерде музыка орындарының жеке айтушыларының, дүмше ақындардың, ежелгі халық өлеңдерін жаңалап, өз тұстарынан сөз қосудан шыққан кесір. Бұл ретте ән сөздерін көбірек шатастырушы, өзінше бұрмалаушы – Қазақстанның радио хабарлау басқармасы, оның музыка тарату бөлімі.
Халықтың асыл әндерін жұртшылыққа кең
таратушы қазіргі біздің атақты әншілеріміз – Күләш Байсейітова, Жүсіпбек Елебеков, Жамал Омарова, ағайынды Абдуллиндер, Байғали Досымжанов, Манарбек Ержанов, тағы басқалар халық әндерін қасиеттеп сақтап, олардың қадірлі сөздері мен әуен нақыштарын халыққа жырлап жеткізіп келеді. Бірақ бұл әншілердің кейбіріне өкпеміз де жоқ емес. Біздің белгілі әншілеріміз өздері айтып жүрген халық әндері сөздерінің бұрмалануына және кейбір халық әндерінің қазіргі композиторлардың олжасына кетуіне төзе береді. «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде жуықта Ақан сері әндерінің сөздері бұрмаланып жүргені сөз болып өтті. Ондай мысалдар көп. Оларға тоқталмастан, мына бір келіссіз жайды айта кетейік. Біздің тамаша әншілеріміздің бірі, Қазақстаның халық артисі Мүсілім Абдуллин жуықта радиодан былай деп ән шырқады:
Өлсем орным қара жер сыз болмай ма, Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма, Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым сәулем өзгеше-ай.
Бұл өлеңнің алғашқы төрт жолы Абайдың атақты өлеңі екені баршаға мәлім. Бірақ ақын өзінің бұл өлеңін жеңешесіне арнамаған секілді. Бұл терең мағыналы өлеңде Абай тарихтағы өзінің ақындық орнына, «Мыңмен жалғыз күрескен» тартысты өмірін кейінгі қауымға, біздерге жыр етіп ескерткен. Ал Мүсілімнің ұлы ақынның бұл секілді терең мағыналы өлеңіне «жеңешемді»
жалғастырғаны сөкет-ақ іс. Мысал, Пушкиннің
«Я памятник себе воздвиг нерукотворный» деген даңқты өлеңін орыстың бір халық әніне қоса айта салып, қайырмасында «О, Дуня, Дуняша» деген секілді бірдеңені тіркестірсе, орыс халқы қандай ұят көрген болар еді? Бірақ орыс әншілерінде ондай ағаттық сезілмейді, жалғыз Мүсілім емес, мұндай әдет біздің басқа әншілерімізден де кездеседі.
Ән сөздерін жинастырып, бастырып шығару ісі де дұрыс қолға алынбай келеді. Өткен жылы Қазақстан көркем әдебиет баспасы «Қазақ әндері», «Қазақстанның халық әндері» деген екі жинақ бастырып шығарды. Мұның соңғысын Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу секторы әзірлеген де, алғашқысын Көркем әдебиет баспасының өзі дайындаған (құрастырған С.Бақбергенов, редакторы Ж.Өмірбеков). бұл екі жинақтың айырмасы – «Қазақстанның халық әндері» (ред.Ерзакович) ноталармен шығарылған, мұнда бұрынғы халық әндерімен қоса совет заманында туған халықтық әндер де берілген. Ал екі жинақтағы халық әндерінің сөздері бірдей дерлік және бұрмалаушылықтары да түстес. Рас, бұл екі жинақта да дұрыс, толық берілген бірнеше ән текстері бар. Бірақ кемшілік пен қателіктері де аз емес.
Халықтың белгілі әзіл өлеңі «Бипыл» Бақбергенов құрастырған жинақта былай берілген.
Мен жылқышы бипылым, сен сауыншы, Қай уақытта табылар жан тынышы.
Байдың көзі жойылса дүниеден. Сонда бізді көтерер еңбек күші... Ақау тәнім-ай,
Талма менің жаным-ай,
Ей, күлди, күлди күнжан-ай, Күнде базар үйім-ай.
Бипыл, бипыл, бипыл-ай, Қаулап дәурен келеді-ай.
Ертеректе біз естіген «Бипыл» болса, бұлай болмасқа керек еді. Мұнда халық әнінің әзіл сөзін алып тастап, бір кезде біреудің «жаңартқаны» айқын сезіліп тұр. Бұл текст, сірә:
Ауылыңның тұсынан шығарып сап, Ақбоз үйге сүйеніп қара да тұр, –
деген халық өлеңі.
Колхозының тұсынан аттандырып, Тракторға сүйеніп қара да тұр. –
деген секілді.
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, Бес қалампыр, бір шай-ай...
дегенді«Қаулапдәуренкеледі-ай», депжаңартудың ешбір жарастығы жоқ. Сол секілді «Бір бала» деген әнді былай «өңдеген»:
Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды. Білім – түлкі болғанда, бүркіт – бала, Талап етпеу жас шақта жарамайды.
Ән салшы-ай, бір бала, Жан құрбым, бұраң бел, Оқиық бірге кел.
Расында бұрынғы қайырмасы:
Қос етек бұраң бел, Қуалай соғар қоңыр жел, –
депайтылатынеді, мұныдаәнсырынажанаспайтын бір жасанды сөздермен «жаңартқан» тәрізді. Ақан серінің белгілі «Маңмаңгер» әнінің қайырмасын жаңашалап:
Ақау, туған елім. Бала едім.
Өзіңе осынау әнді Сала келдім, –
деп өзгерткен. Ал, дұрысы:
Ақау, хаула-ләйлім, Хаула-ләйлім.
Деп салған Маңмаңгерге – Ақан серің! – еді.
Әнші Майраның да атақты әнінің сөзі бүліншілікке ұшыраған.
Қызы едім мен Уәлидің, Майра атым, Тартады бозбаланы магнитім.
Өлеңнің бес-алты ауыз арқасында Үш жүздің араладым азаматын!–
дегеннің соңғы екі жолын әлденендей сақтық оймен бір «шебер» өзінше түзетіп:
Құрбылар жастық шақта ойна да күл, Қартаяр, күлкі қашар уақыт жақын, –
деп бүлдірген. Мұндағы түзетушінің қашқақтап отырғаны – «Үш жүздің араладым азаматын» деген сөздер. Ал шынында бұл сөздерден үркетін дәнеме жоқ. «Үш жүз» деген сөз қазақ руларының тарихи бір кезеңінде, топтасу дәуірінде шыққан этникалық атау. Сол секілді белгілі «Жалғыз арша» әнінің:
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол сәулем мұсылманша, –
деп жалғанатын соңғы жолы – «хатқа жүйрік сол қалқа зерек сонша» болып өзгертілген. Мұнда
«мұсылманша» деген сөзден қашқан. Ал бұл сөз бұл арада революциядан бұрынғы ауылдағы оқу түрін ғана аңғартып тұр. Тамаша әннің бірі «Қызыл бидай» да осындай өзгеріске ұшыраған. Біз білетін
«Қызыл бидайдың» қайырмасы:
Ақау айдай, Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман... Уа, шіркін. Алсын құдай...
Оны «құдайдан» қорыққан сақ қол:
О, шіркін, көзім қимай, Қызыл бидай.
Көрген соң ақ жүзіңді, Жүрмін қимай!
Уа, шіркін, жүрмін қимай, –
деп бұрынғы мәнін бұзып, сылбырыңқы етіп жіберген. Жинақтағы ән сөздерінде бұл секілді бұрмалаушылықтар толып жатыр. «Халық әндері» жинағындағы екінші бір топ әндердің сөздері әндеріне байланыссыз, өзге сөздермен бытысып кеткен, өзіне тән шын сырлы сөздерден айрылған. Халыққа мәлім «Жеңеше-ай» әні
«Айдап салдым жылқымды тепсең жерге» деп басталатын еді, бұл жинақта ол – «Арғы жағы Еділдің, бергі жағы», – деп басталып, басқа бір ән текстімен шатастырылған. Атақты «Ағаш аяқ» әнінің «Атандым мен жасымнан Ағаш аяқ» деп басталатын сөзі айтылмай, «Сал қара ат жем жейді пүш дегенде», – деп әлдебірдемені тықпалап қойған. Бұл жинақта кейбір шумақ өлеңдер бірқатар әндердің сөзі болып қайталанады. Мысалы, «Айналайын қарағым, алтыным-ай» деген төрт жол өлең – «Ақау керім», «Майда қоңыр», «Хайлайлім», «Ауылың сенің» деген төрт әнге текст болып тұр. Сондай-ақ «Домбырам екі шекті қолға алайын», «Қарағым, сенде ақ маңдай, менде ақ маңдай», «Базардан алып келген күміс құман» сияқты жалпыға мәлім өлеңдер әуендері, сырлары басқа әр әндерде қайталана берілген.
Жинақтағы бірқатар әндердің бастаушы жолдарыменқайырмаларыбір-бірінебайланыссыз. Мысалы, «Ағажан Ләтипа», «Маусымжан»,
«Ақжалмаш», «Геккугай», «Ауылың сенің» сияқты әндердің басқы шумақтары басқа бір сырды жыр етсе, ал қайырмалары әлдебір қыздардың
аттарын айтып, махаббат күйін шертіп кетеді.
Халыққа белгілі, жер-жерде айтылып жүрген бірқатар жақсы әндер бұл жинақта қамтылмаған.
Халық әндерінің жинақтарынан сезілген бұл өрескел міндер тек сол жинақты құрастырушы мен редактордың ғана кінәсі емес, бұл алдымен сол бұрмалаған күйде айтқызушы, музыка орындары мен сол әндерді айтушылардың да айыбы.
Бірқыдыру әндердің сөзі бір шумақтан ғана сақталыпты. Ал тыңдаушы қауым бірауыз өлеңді әсте қанағат етпейді, солай болғандықтан әрбір ән айтушы келсін-келмесін екінші шумағын басқа бір өлеңмен әндете бермекші.
Халық әндерінің сөздерін тәртіпке келтіру жөнінде зерттелетін, келісетін біраз мәселелер бар. Алдымен көп әндердің авторларын ізестіріп анықтау керек. Жазықсыз кінәланып аты бүркеліп жүрген «Қаракесек», «Мәди әні» секілді тамаша әндер қалдырған Мәдидің есімін жария еткен жөн. Сол секілді әндері айтылып жүрген Құлтума, Жарылғапберді, Сәтмағамбет секілді әндер тек бір ауыз өлеңмен ғана құрылса, оның екінші шумағын іздеп табу шарт. Сөздері мүлде ұмытылған әндерге әннің сырына қарай бүтіндей текст табу керек.
Мысалы, «Әсет» деген әннің қазіргі айтылуындағы негізгі өлең сөздері қайырмасына мүлде қайшы. Бұл ән қазір «Әсеттей сал ән салсаң әсемдетіп» - деп басталады, мұнда Әсет ақын мақталады. Ал қайырмасында «Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем-ай» – деп адал ғашықтық зары естіледі. Бұл ән Әсетке емес, ғашыққа арналғандықтан, әннің барлық сөзі де махаббат болуға тиіс.
Бірқатар тамаша әндердің қазіргі сөздері
тартымсыз, сәлдеу секілді. «Япурай»,
«Тілеуқабақ», «Екі жирен», «Ләйлім» сияқты әндер бұрынғы айтылуынан өзгеше, халықтық лирикалық әсем сөздерді тілеп тұр.
Қазақстан Жазушылар одағы жоғарыда айтылған жайларды ескере келе үстіміздегі жылда халық әндерінің жинағын толықтырып, қайта шығармақ болып отыр. Бұл игілікті іске музыка мамандары, әншілер, ақындар және барлық өлеңді қадірлей білетін жұртшылық қызу ынта бөлуі қажет.
1956.