16.04.2022
  169


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сары шымшық сатира жазды

(мысал)

Мұқатпақ боп үйрек пен қазды,
Сары шымшық сатира жазды.
«Үйректің тұмсығы талпақ» деді,
«Қаздың табаны жалпақ» деді.
Үйрек пен қаз бұған пысқырмады,
Шымшықтың сөзін құйрығына қыстырмады.
Бірақ шымшық сатирик атанды,
Әуені болды кәдімгідсй мақамды.
Содан бір күні мейманасы тасып,
Үйрек пен қаздан асып,
Қырғидың өзін айналдырды;
Бұнысы қырғиды қайран қылды.
– Мына шіркін не дейді, – деді қырғи.
«Мас боп жүреді, – дегені несі, – ылғи».
– Ішкілігі түскірді ішпеуші едім ғой,
Шымшықтарды ғана мойнынан тістеуші едім ғой...
Сөз түйіні:
Сатира жазба демейміз,
Ұшқарылықты ғана сыпайылап шенейміз





Пікір жазу