16.04.2022
  166


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Бір сұлуға

Сұлу қылып жаратты сені тәңірім,
Сондықтан да балайды теңіне әркім.
Байқай ма жұрт, білмеймін, байқамай ма,
Мен байқасам, тұлғаңда бір-ақ бар мін.
Шар айнадан көркіңді күнде көріп,
Өз көркіңе боласың өзің жерік.
Әттеген-ай, айнасыз жалғыз болсаң,
Айна орнына болар ем өзім серік.





Пікір жазу