16.04.2022
232
Ақбота
Арқаның азат жазында
Қызара бөртіп қымызга,
Самалды таудың сазында
Ұшырасты ақын бір қызға.
Аққұба – қыздың ажары,
Арманнан алыс дәмелі;
Сабырлы, сырлы назары,
Ботадай көзі әдемі.
Көргенде қызды сымбатты
Жас ақ қайың тәрізді.
Шыдамады ақын, тіл қатты,
Алдына салып әзілді:
– Бір ақбота жоғалып,
Айла-ақылдан адастым.
Келді де ізі оралып,
Ауылға Сіздің жанасты.
Екен тым көзің жанарлы,
Қөрмедің бе, қарындас?
Бір жоқты бір жоқ табар-ды,
Табылмай дауым арылмас...
Қыз түлкідей қырланып,
– Қызық екен сөзіңіз,
Деді күліп ұрланып,
– Жүр екен келмей кезіңіз.
Жоқ табылар жоқтаса,
Жоқшым, жолға қонбаңыз;
Алыста емес ақбота,
Ал, бірақ, әуре болмаңыз!