16.04.2022
114
Жазыпсың хат өлеңмен
Жазыпсың хат өлеңмен
Сәбиі жырдың, шырағым!
Шыбықтай жаңқа көгерген
Бейкүнә сенің сұрағың.
«Ақындық жолы қиын ба?»
Оған жауап айта алман.
Жарасар біздің ұйымда
Сөйлесе басқа майталман.
Үстінде сымның қалтылдап
Ойнаған циркач секілді,
Ақынға ерме жалтылдақ,
Екен деп фокус өтімді.
Емеспін әккі тренер,
Үйретер жоқ тәсілім.
Өмір – майдан, кіре біл,
Жауынгср бол да, жас інім!