16.04.2022
  120


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Бір жолдастың сыры

Лапылдаған осы мен өрттімін бе,
Арыстандай ыңранған дерттімін бе?
Шыға келер майданға ат ойнатып,
Сөз семсерін суырған серттімін бе?
Неге менен кей адам қаймығады,
Жау көргендей жүрегі шайлығады?
Неге, неге тілейді күбір-күбір,
Күн тууын басыма айнымалы?
Неге өсекпен жанымды жаралайды,
Неге ізімді аңдиды, алалайды.
«Дос» дегенім болыспай, бұқпантайлап,
Неге, неге жазықсыз табалайды?
Шатқалаңда жол таптым естілікпен,
Сүйенішті көп көрдім көпшіліктен.
Жаңалықтың бас идім жалауына,
Коммунисше сайысам ескілікпен.





Пікір жазу