16.04.2022
235
АСПАН ЖЫРЫ
Алты қабат бұлттарды
Қуаладым, бораттым.
Күнді өзіне қаратты
Күміс түсті қанатым!
Үркермен жол таластым,
Аспанын бастым Таластың,
Заманнан биік асқақтап,
Күмбезін көрдім Манастың.
Аспанды сызып барамын,
Аспандай биік талабым.
Өрлей бермек күн сайын
Көкке менің заманым.
Бүркітті көрдім көктегі,
Бүркіт маған жетпеді.
Ұшқыр қанат ел болдық,
Даңқым көкке өктеді.
Жеміс бағы гүлдеген,
Жерге ие еліміз.
Көкте біздің күн менен
Көк нұрына теліміз.
Манас жерде, мен көкте,
Мені қарап көрмекке,
Шықсын Манас көрінен,
Тұрсын жатқан жерінен!