meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.04.2022
  261


Автор: Қалижан Бекхожин

ҮР ҚЫЗЫ ЖӘНЕ АҚЫН

(1815)
(Л ұ қ с а т)
Үр қызы
Есігін бағып пейіштің
Тұрған мен бір сақшымын.
Ентелейсің, өр түсің,
Бөгде жан, кімсің, айт шынын?
Батыры боп патшаның,
Пайғамбармен доспысың?
Парызды қандай ақтадың –
Пейішке ләзім көп пе ісің?
Батыр болсаң егер сен,
Көрсет маған жараңды.
Сонда сені жіберем,
Біліп сыйлы бағаңды.
(1818)
Бар еді, бар-ды құштарым!
Бар еді-ау! Енді басқа күн:
Білемін бірде құшқанын –
Сол күннен бері қасқамын.





Пікір жазу