16.04.2022
  191


Автор: Қалижан Бекхожин

ХАТЕМ

(1815)
Ұрлық тумас себептен,
Ұры ғой себеп өзі де.
Ұрлап алды жүректен,
Ләззатымды сезді де.
Саған менің періштем,
Берді ғой сол олжасын.
Құлыңмын сенің қазір мен,
Мүсәпір енді болғасын.
Мөлдір қара көзіңнен
Ыстық бір іңкәр сезілді.
Бақыт қой сол сезілген,
Үмітім сол қазіргі.





Пікір жазу