16.04.2022
  126


Автор: Қалижан Бекхожин

ХАФИЗГЕ

(1818)
Қайран Хафиз! Қайтіп саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.
Желден шалқып, жүйткір әрі қасқайып,
Батыл қайық, бас қайық.
Ол шегінбес сұрапылдан жасқанып,
Өрге жүзер қасқайып.
Сенің жырың кейде өзендей ағынды,
Сусын берер қандырып,
От толқындай кейде шарпар жалынды,
Жүрегімді жандырып.
Жайнашы таң, құдіретті пішінде
Медет берші маған да,
Елестейді жарқын өлке, түсімде
Құмармын сол ғаламға.





Пікір жазу