16.04.2022
161
ГАНИМЕД
(1774)
Күн шұғыласымен жарқырап,
Жайнадың сен,
Ерке көктем – қызығым!
Мың ләззатым ең, махаббатың
Жүрекке жақты шамшырақ.
Сенің мәңгілікті қызуың –
Қасиетті сезіммен.
Мәңгі сұлу жүзіңмен!
Құшар ма едім мен сені,
Мынау құштар қолыммен!
Айхай, сенің кеудеңе
Мең-зең баспен құлап ем,
Гүлдерің мен бүріңді
Жүрегіме төндірдің,
Кеудедегі жалынды,
Таңғы назды лебімді!
Ғашық отын сөндірдің!
Ғашығыма шақырды,
Бұлбұл сайдан тұманды.
Келемін аттап асуды!
Келем қайда? Күмәнді?
Биікке! Өрле биікке!
Бұлттар жерге ағылды!
Бұлттар басын иіп пе,
Ғашықтық мұңға бағынды...
Маған! Маған! Ұшайын,
Аяңда сенің –
Биікке!
Аймалап, еркін құшайын,
Кеудеңді сенің сүйіп те!
Табынайын биікте –
Ғашықтардың піріне!