16.04.2022
117
![](/uploads/shorttexts/author_image/bekhozhin.jpg)
ТҮНГІ ЖЫР
(1802)
Жұм көзіңді, аймаласын өлеңім,
Қалғыдың ғой, сәулем, енді бұйықпа.
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Айналады ой сәулесін құйып та.
Айналады ой тербетіп өлеңім
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Оймен бірге менде жүйткіп желемін,
Қараңғы жер жатсын мейлі тұйықта.
Толқын тартып көкте қалқып келемін,–
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Қараңғыда қалдырып жер белеңін,
Мінгізген сен ақ қанатты иыққа.
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,–
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,
Ұйқы баста, енді сәлем, бұйықпа.
Жап кірпікті, жырға сені бөледім,
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!