16.04.2022
  163


Автор: Қалижан Бекхожин

АЛҒЫ НАЛЫС СӨЗ

(1815)


Махаббаттай мұң сырым,
Қаламын ашпай булығар.
Жапырақ теріп мен жүрмін,
Жұбатып ойды, зілі бар.
Қиын, ұзақ жолдарда,
Өмірден тапқан мол мұрам,
Таңдамас жат қолдарға,
Қапыда бір күн қалдырам.
Кітапты топта, кетер сыр,
Дәптеріңнен жазылған.
Быт-шыт қой дүние, кетерсің
Безіп сен де жаныңнан.





Пікір жазу