16.04.2022
  133


Автор: Қалижан Бекхожин

ДҮЙСЕНБІ. ХОРЕЗМ ХАНШАСЫ.

Дүйсенбі – күн сәулесін жайып жерге,
Шаһ Баһрам жасыл шатыр тікті белге,
Өзіне жақты жасыл жұлдызын да,
Тең жасыл пейіштегі үр қызына.
Шаһ жасыл күмбезіне барып кірді,
Өткізді мәз-думанмен жарық күнді.
Әлемнен сөніп кешке күн кеткенде,
Жұлдыз-бақ лағылымен жарқ еткенде,
Хорезм сұлуына шаһ ынтықты,
Шертші деп хикаяны, бір қызықты.
Жасыл жібек оранған сұлу кеуде,–
Ғайыптың құлпын ашты Сүлейменге:
«Жанымды өмірге сен рухтандырған,
Жан біткен болсын ләйім саған құрбан.
Бақытқа – сүйеу тағың тәңір берген,
Болған жоқ босағаңа өткендер тең.
Аспанға тәжің күндей тұр асқақтап,
Тағыңды бақыт күні тұр құшақтап.
 Күллі әлем ұлылықты иемденген,–
Бақилық таянышсың – күн сүйенген!»
Хұрмасы Хорезмнің шаһты мақтап,
Жақұт тістен шекерін құйды баптап.





Пікір жазу