16.04.2022
  156


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖЕКСЕНБІ. ТҮРКІСТАН ХАНШАСЫ.

Жайнап бір тау аңғары, қыр белесі,
Алтынын шашқан шақта күн сәулесі .
Сол күні жексенбіде Баһрам шаһ,
Алтынды киім киді күнге ұқсап.
Ұқсап бір, жүзі күннің арайына,
Кірді шаһ зәулім сары сарайына.
Жүрегін онда рахат беңқам басты,
Атын шарап, ән-күйге тез ұласты.
Шұғыласы жексенбінің өшкен кезде,
Күн түсті рахат тапқан сол күмбезге.
Қытайдың жұлдызынан шаһ тіледі,
Бал сөзбен балқысын деп лал жүрегі.
Туранның гөрегені1 сыр аңсады,
Ертекті – ордаға сай сыр мен сәні.
Тілегін айтты да шаһ сөзді күтті,
Ұнатпас бұлтаруды патша тіпті.
Бастады ертегісін қыз Ягманаз:
«Саған шаһ бағынды Рум, Туран, Тараз.
1 Г ө р е г е н – патша күйеуі. 
 Көп жұрттың патшалары келіп саған,
Мадақтар, сәлем сыйын беріп саған.
Кесірдің бас имеген талабына,–
Басы оның жатар пілдің табанында».
Осылай Чиннің қызы сыр бастады,
Шырақтай леп түтіні будақтады.





Пікір жазу