Поэмалар ✍️
БАҺРАМ ӘСКЕРМЕН ИРАНҒА АТТАНАДЫ
Ділмәрім өз бетіңше ақпайсың ба?
Қайталап естігенді жақпайсың ба?
Ал енді жұпар иісін құй көмейден!
Аңқытып әнбрадай түйіп оймен.
Серт бергем сол кемеңгер, әз адамға1,
Мені де уәдесімен жебер алда.
Бұл күнде шарап жұтып, жүрміз ширап,
Ол кетті патша жырын жұртқа сыйлап.
Қайтіп мен оның жырын иемденем,
Ар көрем жүруді ескі сүрлеуменен.
Тұрғанда жас қиялым, қағып қанат,
Ұят қой жат ескісін киген жамап!
Гауһарды тұтынам деп үнсіз шұлғып,
Көргем жоқ қайталауға тілді құл ғып.
Алайда алтын қорға жол жоқ өзге,
Жебе екен нысана бір түсер көзге.
Бірақ та қайталаудан қашу қиын,
Тоқырмын көн паластан жібек бұйым.
1
Бұл жолдарда ақын ұлы ұстазы Фирдоусиді еске алып отыр.
Екі бір химиягер сөзді арбап,
Көнекі теңгеліктер кетті жайнап.
Біреуі күміс етті мысты толғап,
Күмістен бірі алтын соқты сомдап1.
Егерде мысың балқып, күміс болса,
Таңданба күмісің де алтын бола қалса...
Жырдың бастамасы
Ұшпу інжу тастарды тізген зергер,
Былайша құрып соған берді бедер.
Жеткенде суық хабар алғашқы кеп,
Ақ тағын әкесінің жат басты деп.
Кейлердің ата даңқын ардақтауға,
Баһрам қол көтерді арсыз жауға.
Әлемде ата даңқын өрлесін деп,
Мунзир де сол жорыққа берді медет.
Кең ашты қазынасын падишалық,
Көп қару берді сонша ат, сонша халық.
Қайралды қайнап кеші алмастары,
Баһрам Аджам үшін қол бастады.
Иеменнен келді Аденге шеру2 2 еркін
Жүз мың ер шаһқа берді сенім-сертін.
1
Бұл жолдарда Низами – Фирдоуси «Шаһ-намәде» Баһрам-Гурды жырлап
«мыстан күміс жасаса» мен соны жаңғыртып «күмістен – алтын» шығарамын деп
мақтанып отыр.
Ш е р у – бұл арада жауынгер мағынасында
Шын-болат сауыт киген қыр ерлері,
Бұзатын тас қамалды түгел сері.
Ұқсайды жолбарыс пен арыстанға,
Бәрі де шаһ айбары сайысқанда.
Соғыстың сарабына қол аттады,
Ат зулап, ай бетіне шаң қаптады.
Жүйткіді дабылдатып, кернейлетіп,
Даланы дүрліктіріп, кернеп өтіп.
Дабылдан азан-қазан жаңғырыққан,
Бауырдың шөлі кеуіп жай оты ыққан.
Аспанның астын басты селдей ұрып,
Шұрқырап шапқан аттар шеру құрып.
Қаптаған шегірткедей көктен өрлеп,
Сол ләшкер сайыс іздеп, семсер сермеп.
Иеменнен ерлер шапты Аджам жаққа.
Мінсін деп Кейге ләзім Баһрам таққа.
Қария таққа мінген енді састы,
Айдаһар қағады деп қалтаң басты.
Тәңірдің оған көзі түсті қайдан?
Иеменнің бақ жұлдызы ашу жайған.
Арыстан аузын ашты киік қой ол,
Жұлдызы аян берді қазулы көр.
Бүлікті Аджамдағы басып Баһрам,
Патша боп мүскін жұртты етер дархан.
Бұл хабар Аджамға жеткен шақта,
Сардарлар һәм мобедтер келді шаһқа.
Келді олар Баһрамды жолатпайық,
Затына Язидгердің жол ашпайық!
Бітірді ақылға кеп мәслихатты,
Баһрамды көндіруге жазып хатты.
Жазды олар қилы ойды матастырды,
Хатында сөз ұрығын шатастырды.
Нақыштап, көне әуенмен жазды бастап,
Сөздері болды бұлдыр ойы шатпақ.
Бүктеді ақылдасып жазған хатты,
Елшілік іске епті жауын тапты.
Елшілер Баһрамға келіп қалды,
Тағында Баһрамның жұлдыз жанды.
Елшіге хаджибтері ақ ниетті,
Баһраммен жүздесуге лұқсат етті.
Ұлылық мархабатпен Баһрам жайнап,
Қарсы алды елшілерді шекпей айбат.
Елшілер қорқып әрең жақындады,
Сәждә қып мадақ сөзбен тақылдады.
Елшінің қариясы таққа келді,
Сол хатты жоғары ұстап шаһқа берді.
Хатшысы бүктеменің бұзды мөрін,
Естіртті оқып хаттың сөз бедерін.