15.04.2022
  275


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Табиғат жұлдыздардан шашу шашып

Табиғат жұлдыздардан шашу шашып,
Шалғайдан Айды қойған көлеңдетіп.
Киініп жасыл киім болған ғашық
Жер шары өзендермен өлеңдетіп.
Жиналған бикештердей бастаңғыға,
Үркерлер ым қаққанда Ай – жеңгесіне;
Айдың тарғыл балғасын жастанды да,
Барып қонды ракета кеудесіне.
Барып қонды ракета кеудесіне,
Аңыз болған Айдың сол сырын тыңдап.
Түседі музыкадай кейде есіме
Сорғалап ызыңдаған сол бір жұмбақ.





Пікір жазу