15.04.2022
  283


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Күзгі жапырақ

Қалтырап жерге қонады
Ағаштан әлсіз жапырақ;
Тентегі күздің тонады,
Құлазып қалды атырап...
Жел қуған қаңбақ сүрініп,
Жеріне жеткен жығылды.
Тырналар көшті шұбырып,
Үңгіріне аю тығылды.
Құлазып қалды атырап,
Адамдар, бірақ, қашпады;
Жамылып қалың жапырақ,
Тіршілік қамын бастады.





Пікір жазу