15.04.2022
161
Қасым Аманжоловтың домбырасына
Домбыра қайран, қалыпсың қаңсып,
Ақ төсіңе қоныпты шыбын.
Ақынға едің әріптес таңсық,
Жабырқап неге жатырсың бүгін?
Сағаңа мұңлы оралып бір күй,
Күмбірлеп кеудең толқушы еді ылғи.
Ішегің егіз бойға тоқ беріп,
Шымырлап жүрек кетуші еді еріп.
Назқоңыр сазбен ыңыранта тартып
Отырушы еді Қасымым балқып.
Сол күйің қайда, дариға, бүгін,
Домбыра сылқым, не болды саған.
Үзіліп шипа сиқырлы үнің,
Шынымен жырың болды ма тамам!!