15.04.2022
144
![](/uploads/shorttexts/author_image/1a100d2c0dab19c4430e7d73762b3423.png)
Сары жайлау
(Әбікен Хасеновке арналған)
Шалқытшы аға, «Сары жайлауды»,
Күй сағымын белестетіп;
Сыңғырлы өзен, самал тауды
Көз алдыма елестетіп.
Сіңлісіндей Сарыарқаның –
Сыңсытшы, аға, «Сары жайлауды».
Күй сиқырын жаратамын,
Қыздың ұзар назы аяулы.
Сағыныштан сап-сары боп,
Көп боздаған Бозінгендей;
Әуеннің бұл аңсары көп,
Жаның сезер, өзің білмей.
Төгілтші, аға, «Сары жайлауды»,
Тұла бойым шымырласын.
Әлемде асыл не қаяулы,
Жүрсгіме сыбырласын.