15.04.2022
134
![](/uploads/shorttexts/author_image/1a100d2c0dab19c4430e7d73762b3423.png)
Сөз соңы
Өмірге өзім борыштар,
Борыштар менмін мәңгіге!
Жинап-теріп, уа, достар,
Шерттім шәркез әңгіме.
Дастандар тыңнан туар ма, –
Кепілдік емес айтарым,
Егез бе, яки сыңар ма,
Әйтеуір, бірақ, тартамын.
Байқалмас еді жоталар,
Болмаса ылдый, саласы.
Әкенің мейірі от алар
Күлгенде тұңғыш баласы!