15.04.2022
149
Ермек іздеп асыр салған күндерім
(А.С. Пушкиннен)
Ермек іздеп асыр салған күндерім,
Сенің бүйтіп кетеріңді білмедім!
Ну орманым, құлазыған кең далам,
Кешіре гөр, бесігім ең сен менің.
Тригорскі, босағаңды басқанда,
Қанша шаттық құйып едің жас жанға.
Кетер болсам ләззатіңді неге алдым?
Уа, дариға, кешіре гөр жақсы ана!
Мәңгі есімде боларсың, хақ, бір өзің.
Қалсын сенде жырға орнаған жүрегім.
Кім біледі (алдамшы арман!) бір күні
Далаңа осы қайтып келіп жүрермін.
Көлеңкесін саялы ағаш – жөкеңнің,
Дөңесінің төрін мекен етермін.
Сауық-думан, парасат пен сымбаттың,
Азаматтықтың пендесі боп өтермін.