15.04.2022
  201


Автор: Қалижан Бекхожин

ҰҚСАТПА

Бір қауымда, бір сапта,
Бір аулада тұрсақ та,
Өзгеден бөлек үйім бар,
Өзімше шығар үнім бар,
Сыйласаң досым, өтінем,
Соларға мені ұқсатпа.
Бөленіп бір құрсақта
Бір анадан тусақ та,
 Өз атым бар, түсім бар,
Өз тірлігім, ісім бар,
Сыйласаң досым өтінем,
Туысыма ұқсатпа.
Гулесек те бір шақта,
Жыр думанын құрсақ та,
Тіл безеген ділмар көп,
Өзінің сөзін бұлдар кеп.
Өзімше менің даусым бар,
Өзгеше жырым бар шығар.
Сыйласаң досым, өтінем,
Соларға мені ұқсатпа.





Пікір жазу