15.04.2022
161
ТӘЙКЕ ТҮССЕ
Алшы түспей ақ сақам,
Тәйке түссе тәуекел.
Кейбір қораш қақсаған,
Атақ іздеп, дау етер.
Тарлан жолы өргелең
Тақсымы жоқ жабығар.
Әлін білмей кеудемен
Жұлқынатын жабы бар.
Дарыныңның отымен
Түс бәйгеге, іркілме.
Күлкім келер, көкіген,
Даңғазашыл шіркінге.