15.04.2022
133
ҚAРАЙМЫН
Қараймын сонау асқарға
Құзар басын қар шалған.
Бурыл бүркіт аспанға,
Ұшар ма деп қарсаңнан.
Боранды жарып шүйіліп,
Асар ма құз-құз құзардан?
Әлде түтек үйіріп,
Қайраңдар ма боз тарлан?
Қия жартас тұғырдан,
Мұз топшысы сықырлап,
Самғап еді-ау, зымырап,
Жай астында қиқу сап.
Қайран көктің серісі,
Қаншама сүргін тау астың?
Кереметтің өрі үшін
Сұрапылмен таластың.
Көгінде тағы зулар ма,
Кезер ме шулы қияны?
Соғылып әлде құздарға,
Мұқалды ма қияғы.