15.04.2022
125
![](/uploads/shorttexts/author_image/bekhozhin.jpg)
КӨК ТҮНЕРСЕ
Көк түнерсе
Түнеремін мен бірге,
Күн жайнаса,
Күлімдеймін өмірге,
Бірақ көктің
Ұнатамын ашуын,
Нажағайлар
Жарқылдатса жасылын, –
Төксе шіркін
Нөсерлетіп көк селді,
Бәйтеректей
көтеріп мен еңсемді, –
Жазамын да тұла бойды құрысқан
Көңілімді көтеремін жыр қысқан.
Айхай, сонда
Жүйкемнен тер тамшылап
Жыр тұлпарын жүйткітемін қамшылап!
Жаратпаймын түнек түнді тымырсық,
Жалында күн, жер апшысын қуырып!
Түнеремін мен бірге,
Күн жайнаса,
Күлімдеймін өмірге,
Бірақ көктің
Ұнатамын ашуын,
Нажағайлар
Жарқылдатса жасылын, –
Төксе шіркін
Нөсерлетіп көк селді,
Бәйтеректей
көтеріп мен еңсемді, –
Жазамын да тұла бойды құрысқан
Көңілімді көтеремін жыр қысқан.
Айхай, сонда
Жүйкемнен тер тамшылап
Жыр тұлпарын жүйткітемін қамшылап!
Жаратпаймын түнек түнді тымырсық,
Жалында күн, жер апшысын қуырып!