15.04.2022
  174


Автор: Қалижан Бекхожин

АҚЫН ІНІМЕ

Бәріміз де достыққа пейілдіміз,
Таптық қайдан тарылып кеюді біз?
Өздерінше үлкендер өте берсін,
Күншілдіктен сау болсын кейінгіміз.
Салындыдай шықпаған иірімнен,
Өнер ме сол үндесу үйірімен?
Ақын ғой деп кеудеңді ашып тұрсаң,
Сырт айналып түртеді бүйіріңнен...
Жан емеспін солардың тобын қуған,
Жалғыздық жоқ, аулақпын торығудан!
Кейде ызаң келеді күйбеңдерге,
Ұзамаған аулының қорығынан.
Жазушы ма жаныңа күңкіл тізген?
Аулақ жүрсін «ауылдық құлқын» бізден.
Ақын інім, мейлі, олар күндей берсін,
Айрылмайық ақ сырдан, күлкімізден!





Пікір жазу