meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.04.2022
  219


Автор: Қалижан Бекхожин

ӨКІНЕМ

Енді неге өз-өзімнен ұялдым,
Желігіне беріліппін қиялдың.
Албырт кезде өкпелеткен досымды,
Қайтіп енді араздыққа қиярмын?
Ағысында қызу талас шулардың,
Кейбір жанды кейіткен де шығармын.
Кейбіреуді қағытам деп егеспен,
Өзім сірә, одан бетер сыналдым.
Ақ шашымды сипап енді өкінем,
Ойлап соны от шығады бетімнен.
Кейде көрсем өкпеліні өзіме,
Жаутаң көзбен: «Кеше гөр» деп өтінем.





Пікір жазу