15.04.2022
174
БӘЙТЕРЕКТЕН ҰЯЛДЫМ
Есігімнің алдында
Бәйтерек бар тым биік.
Тәкаппар бір қалпында,
Жайқалады дүрдиіп.
Осы терек тегінде,
Құрдас шығар менімен.
Бірақ қарап көгіне,
Дәйім асқақ керілген.
Құрдас жылдар өткен бе,
Бурыл тартты бұл басым.
Жапырақ жайып көктемде,
Жасарады құрдасым.
Ол тұр асқақ сипатпен,
Биігіндей қиялдың.
Ақ шашымды сипап мен,
Бәйтеректен ұялдым...