15.04.2022
  136


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жалындаған жас шырайы

Жалындаған жас шырайы,
Шуғыласындай алтын таңның.
Жарқ-жұрқ етіп қанат жайды,
Жалауындай замананың.
Әлдилеген, алтын бесік –
Арай тулы комсомолым!
Шапағыңда еркін өсіп,
Өрт жанарлы жігіт болдым.
Нажағайдың түнді тілген,
Семсеріндей ұшқын шашқан,
Жарқылдап ең кезеңде сен,
Екі дүние майдандасқан.
Бұлтын жыйған көкірегіне,
Дауылында әділеттің.
Топшың бекіп, түледің де,
Көгіне ұштың келешектің.
Сескенбестей жер сілкінсе,
Жүрегіме ерлік ектің.
Елемейтін сен киліксе,
Енисейдей өжет еттің.
Өтіп жатыр айлар, жылдар
Келер күннің жолын тартып.
Үміті әлем осы шығар,
Бара жатқан біздер артып.
Партияның көрігінде,
От шыңдаған болат тұрғын,
Арманының серігіндей,
Шешер сырын бар ғасырдың.
Әлдилеген, алтын бесік –
Арай тулы комсомолым!
Барар өрге ерте жетіп,
Арманым жоқ алсам орын!


 





Пікір жазу