meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.04.2022
  191


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Мотор

Қыйырсыз, асау, тұңғыйық,
Теңізді кешкен кеме не?
Көлбеген көкте ақ иық,
Жаңғыртқан жерді немене?
Алып күш, дүлей, мотор ол,
Толқынға салсаң тебіренбес,
Тәңірісі оның батыл қол,
Кес, сеңді кес, ілгері ес!


 





Пікір жазу