15.04.2022
  141


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Халық

Тұңғыйық, тұнық кең теңіз,
Өтеді, тасқын көшеді,
Сарқылмас теңіз – бір халық.
Толқында жүзген кемесіз,
Толқынға қарсы еседі,
Толқынға соғып ырғалып.
Кемеге күшті сенеміз,
Тағдырды кеме шешеді,
Керемет кеме ол, – бір алып.





Пікір жазу