15.04.2022
159
![](/uploads/shorttexts/author_image/1a100d2c0dab19c4430e7d73762b3423.png)
Қойшы перзенті
Шашып тұр күн шығыстан,
Арайлап таң атқанда аппақ.
Төрт түлік мал әрбір тұстан,
Шықты өріске өре қаптап.
Ақбас қойлар мамық арқа,
Бір түліктен топты жарып,
Көш селкеуін тарта-тарта,
От беткейге жетті барып.
Жүгірді артта кенже қозы,
Балаға ұқсап жалбаң-жалбаң,
Секірді лақ – шөл құндызы,
Боп мәз-мәйрам, салып сайран.
Ойнатқандай өз перзентін,
Рақат құшып ойшы шопан,
Жүзді сонда көңіл көркін,
Сол бақташың, сенің Отан!