15.04.2022
166
Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын
Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын,
Панасында кереге мен уықтың.
Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын,
Сарша белде, соған мәңгі жуықпын.
Жөргегінде мейірмандық бесіктің,
Дер кезінде дүниеге кеп, өсіппін.
Туып шөлде, бірақ, көлде есіппін,
Кез боп селге – теңізіне несіптің.
Тосып соған өр кеудемді керейін,
Ой тұйығын терең бойлап көрейін.
Өнерімді сарқа сарқып берейін,
Сары белімді өлеңіме бөлейін.