14.04.2022
  217


Менің мамандығым — тәрбиеші

Ұлы ғұлама ұстаз әл – Фараби: «Балаға ең алдымен дұрыс тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп бекер айтпаса керек.


Тәрбиешінің еңбегінің күрделігі әрбір баланың жүрегіне жол таба білуінде. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласымен бір сөзбен айтып көрсетіп қоймай, бар жүрегімен және жан – тәнімен сезіне білуі қажет.


Мен Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернатында 7 сыныбында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Менің өмірдегі ұстанымым – жүрек қалауымен таңдаған  жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Күнде жұмысқа келгенде «Сәлеметсіз бе?» , «Қайырлы таң !»  деген сөздерін естігенде, бойым серпіліп қалғандай болады. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.Олардың менен  күтетіндері өте көп екенің сеземін. Әр бір күніміз қызықты өту үшін оқу іс – әрекетін , тәрбие сағаттарымды қызықты өтетіндей етіп жоспарлап келемін.Көбінесе жұмысымның ұйымдастыру бөлімінде психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше.Әрине жұмысымның басты бағыты тәрбие процесін жүйелі жоспарлау.Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып , саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзім жұмыс барысында балаларға бағыт беруші , жол сілтеуші екенімді сезінемін.


Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Осындай мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінбедім. Адам өзінің тандаған мамандығын жан – тәнімен сүйе білу керек, сонда ғана ол өз мамандығының иесі бола алады. Ең алдымен балаларды өте жақсы көруі керек, жұмысқа ынтасы мен балаға берер мейірімі , жылуы, адамгершілігі мол болуы керек. Казіргі тәрбиеші- жоғарғы білімді, тәрбиелі, сабырлы, мейірімді, тәжірибелі,жұмысына адал, ақпаратты технологияларды меңгере білетін маман болу керек.


Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығы қатар жүреді, себебі біз әр баланың өміріне жауаптымыз. Бірақ мен өз мамандығымды сүйгентіктен, одан ляззат аламын.


Оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі патриоттық сезімді дамыту: яғни ұлттық нышандарды тани білу, оларды қастерлей білуге баулу. Мен өз сыныбымда «Тапқыр достар» интеллектуалды ойын – жарыс, «Мен Қазақстанның болашағымын» атты танымдық шаралар өткіздім. Ондағы мақсатым өз еліне, туған жеріне патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Сөздік қорын байытып, өз ойларын тиянақты жеткізе білу.


Мен өзімнің «Тәрбиеші» мамандығын таңдағаныма мақтанамын. Өйткене мен елімнің ертенің тәрбиелеп,баулып отырмын.





Пікір жазу