13.04.2022
  403


Эверестке шығу

Жанабаева Фарида Капасовна


Мұхтар атаның кітабын оқи отырып, «Эверестке шыққандардың тізімі,саусақпенен санарлық» деген өлең жолдары махабаттың жер бетіндегі ұлы сезім және оның  көз жетпейтін нәзік шың тектес қасиетіне тамсанып, ерекше сезімге бөлендім. Менің автордың жазғанынан түсінгенім, махаббаттың нәзік шыңына тек оның суығына тоңып,қиын-қатпарына шыдаған жандар ғана шыға алады екен.
Ақынның махаббат, ғашықтық, адалдық т.б. шоқтығы биік біршама туындыларын оқыдым. Қайсысын алып қарасам да батылдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке шақырады. Батылдықтың айнасы болған жазушының «Эверестке шығу» өлеңі адамға әртүрлі ой салады екен.Өлеңдегі екі ғашықтың махабаттың биік шыңына шығып, бір-біріне деген серттерін жүректерінде мәңгілік сақтап, өлім есігін бірге ашуы, әрине, кімді болса да елең еткізер жәйт. Анығырақ айтатын болсақ, әміршінің қатал заңы бойынша өзін-өзі өлтіруге тиісті Транзейдің сол мезеттегі ауыр халі оқырманның жанын жылатады. Автордың: «Мені айналып, өте алмайтын кезеңге тап болдың ба? Дегендей-ақ жарқ-жұрқ етіп қанжар жатты алдында» деген тармақтары, менің ойымша, Транзейдің жан дүниесін  алай -дүлей қара түнек басқанын көрсету секілді.Тағдыры шешіліп қойғанын білсе де,  ол бұл өмірді қия алмай, ойы сан-саққа жүгіреді. Әрине, адамға өзін-өзі өлтіру оңай болып па?
Махабаттың құндылығын Мұхтар атамыз Транзейдің  тірі өлік болып тұрған жерінен, оған Аррия арудың келген жерінде биікке шарықтата көрсеткен.  Ғашықтық сезімінің құдіретін жеткізіп, ер намысын кемітпеген әйелдің ісінде үлкен ұлылық бар.Транзейдің ез мінезін сынға ала, «Құдай саған еркек деген ат берді» дейді.Әрине, бұл кейіпкерлер бізге мысал. Кез келген жастағы адамға ой салатын үлгіде жазылған өлең дегім келеді.Жігіт ар-намыс рухты бірінші орынға қойғанда ғана «еркек» деген атқа лайық деп ойлаймын. Қазақ- текті халық. Менің ойымша, ақынның мұндай  отты жырлары намысты қазақ жігіттерінің рухын оятары сөзсіз.


Сөзімді қорытындылай келсем, Мұхтар атаның өлеңдерінің ерекшелігі- ішкі мазмұнының тереңдігі мен ой ұшқырлығы. Айтар сөз, адал сезім кейіпкер тағдырымен,  ақынның өз тағдыры  тікелей астасып жатады екен. «Намыссыздық — барлық бақытсыздық бастауы» деп Мұхтар Шаханов бізді осы ездік апатынан сақтандырады. Сүйіп ғашық болу кімнің де болса қолынан келеді. Бірақ махабаттың биік шыңына шығу, қажет болса сол шыңнан бірге құлау, ол тек серттері жүректерінің түкпіріндегі ғашықтардың ғана қолынан келеді. Рухсыздық апатынан сақтануда ақын өлеңдері көмекке келетініне мен сенімдімін.





Пікір жазу