12.04.2022
  182


Автор: Қалижан Бекхожин

МЕНІҢ СЫРЫМ – ПОЭЗИЯ

Сұрақ: Өлең өнеріне сізді табиғи дарындылық ұмтылдырды ма, әлде өзгеше әсерлер медет болды ма?


 


Жауап: Тумысынан ақын болып жаралды дегенге мен өзім сенбеймін. Әлбетте, әрбір нәрестеде бір талапқа бейім нышандардың болуы ықтимал. Дарынның ашылуына, туған орта, бала шақта ерекше сезінген жайттар, оның үстіне білу, оқу әсер ететіндігі шексіз деп білемін. Менің әкем Нұрғожа дін оқуын терең біліп, кезінде өз айналасында әжептәуір ақын атанған кісі. Мен алты-жеті жасқа жеткенде-ақ «мұсылманша хатқа» жүйріктің өзі болдым. Құранды ежелеп оқып, одан кейін жаттап уыз миымды ашытқаныма өкінсем де, хат танығаннан көрген пайдам – революция алдында, одан кейін де, арап әрпімен басылған қисса- дастандарды түгелдей дерлік оқып алдым. Бұл қисса- дастандар, батырлар жырлары, ертегілер әсіресе дана Абай өлеңдерін менің бала қиялыма әсерлі іздер қалдырды. Ал Абай өлеңдері біздің үйде аяттай жатқа айтылатын. Содан кейін совет мектебінде жүріп, қазақ совет ақын-жазушыларының шығармаларын құныға оқи бердім. Отызыншы жылдардан бастап, былай қарай әдебиет әлемінде ескі мұраға пейіл бөлу, оны сын көзімен мәдениет санатына қосу кезеңі басталды. Бұл тарапта бұқарашыл кемеңгер ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бір томдық туындыларының жарық көруі мендей жас өлең сүйгіштерді бір серпілтіп тастады.


1932 жылы Сәкен Сейфуллин атақты Ақан серінің өлеңдерін жинастырып кітап етіп шығарды. Әкем


 


марқұм аңыз етіп айтқан Ақанның өміріне бұрыннан ынтық едім. Оның жыр кітабын қызыға ашып қарасам



  • ішінде «Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаның айтысы» деген айтыс өлең жүр. Қуанып кеттім. Революциядан бұрын түрліше өлең жазған Ақан сері, Нұржан, Мәшһүр Жүсіп, Иса секілді ақындармен өз қадарынша айтысқа түскен әкемді, кейін, әлде мезгілі еңкейгендіктен бе өлеңнен тоқырап қалған әкемді, қанша әңгіме сөздерін елтіп естісем де, оншама ақын деп түсінбеген едім. Аты-шулы Ақанмен айтысқан болса, оны атақты Сәкен бастырып шығарса – жаны жырды сүйген қай бала қуанбас еді! Осыдан кейін мен өлең өнерінің өшпейтін қасиетіне беріле ден қойдым, енді Ақандай атақты, Сәкендей ардақты ақындар менің жас қиялымда арман жұлдызындай жарқырай берді...


 


Сұрақ: Тырнақалды өлеңдеріңіз, қашан, қалай жазылды?


 


Жауап: Айта кетейін, менің өлең жазуға көп уақыт батылым бармай жүрді. Ақындарды әулие тұтқан басым өлең жазудың мен білмейтін бір сиқыры бар шығар деп жүріппін. Арман барда, талпыныс бар. Арман-қиял, іздену – іс қой. Сол қиялмен көп сандалдым, 1929 жылы комсомол қатарына енген едім, сол албырт ұйымның меңзеуімен, Есенин айтқандай, балағымды түріп алып, шартарапқа зымырай жөнелдім. Жастар ұйымының жолдамасымен 1929 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданында механизаторлық техникумда оқып, трактор мен комбайн жүргізудің тетігін үйреніп алдым,  трактормен  жер  жыртып,  комбайнмен  егін де ордым. Сырқатыма байланысты 1930 жылы туған Керекуіме қайтып келіп, берекесіз түрліше жұмыстар істедім. Сол отыз екінші жылдары арман жібінің ұшына қолым тиді білем, шимайлап өлең жаза бастадым. Әуелгі өлең-сымақтарым – «Бөрікті қызға», «Нағашыма»,


 


«Тракторшыға» деген бірдемелерден басталды. Сөйтіп жүргенде, 1933 жылдың март айында, Павлодардың аудандық газетінде әйелдер күніне (әйел заты сірә, мені алдымен тебіренткенге ұқсайды) арналған өлеңім басылып шықты. Қуанғаннан көктемде тасыған Ертістей шалқыған шығармын. Сол қызумен бірінші май мерекесіне арнап жазған «Бүгін майда» деген өлеңім аудандық газетте тағы жарияланды. Бұл өлеңім, өзім пір тұтқан Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерінің тікелей әсерімен жазылған. «Бүгін майда жұмысшы тап, көшелерге шығар самсап» деп басталды. Сәкен өлеңіне ұқсап тұр. Мүмкін оның көлеңкесі де шығар. Мейлі. Әліме қарамай мен онда «Сәкенше жаздым!» – деп мақтаныппын-ау.


Кешікпей аудандық газеттің редакторы Әлімбек Жанғабылов: «Қаламыңның желі бар екен», – деп, мені редакцияға қызметке шақырып алды. Сол газетте менің тырнақалды біраз өлеңдерім жарияланды. Ол шіркіндер піспеген сәбіздей әлі өңсіз, шикі пішінде болса керек, оларды кейінгі жинақтарыма қосуға да ұялған едім.


 


Сұрақ: Поэзия әлеміне аяқ басқан шағыңызда қазақ ақындарынан кімдерді өнеге тұтушы едіңіз?


 


Жауап: Алдымен айта кетейін, мен алғашқы жазған азғана өлеңдерімнің арқасында 1934 жылдың май айында өткен Қазақстан совет жазушыларының І-съезіне делагат болып қатыстым. Дидарын бір көруге зар болып жүрген Сәкен ағамен мен съезд тұсында алдымен кездестім.


Бұл кезеңде менің және бірқатар тұрғыластарымның да қазақ совет поэзиясындағы өнеге тұтары Сәкен, Сәбит, Тайыр сынды аты әйгілі ақындар еді. Өз басым кемеңгер Ілияс Жансүгіровке кейіндеу ден қоя бастадым.


 


Сұрақ: Сіз қалам тартқан шақтағы қазақ поэзиясының сыр-сипаты, өсу бағдары қандай еді, осыған өз пікіріңізді қысқаша білдіре кетсеңіз?


 


Жауап: Мұндай күрделі мәселеге келте жауап қайыру – оқырмандарды дүдәмал ойға ұшыратуы мүмкін. Отызыншы жылдардағы қазақ поэзиясының шын сипатын, көркемдік және әлеуметтік беталысын сыншылар мен зерттеушілер әлі дәл сипаттамай келеді. Ал менің сол жылдары және кейінгі сан жылдарда түсінгенім – сол тұстағы поэзиямыздағы басым тенденция уақыттың үрдіс дүбіріне қызу үн қосу, өлең- жырдың үгіттік, ұраншылдық әуендеріне негізгі мән беру болса керек. Поэзияның әлеуметтік мәнділігі – әрқашанда абзал қасиет. Ал отызыншы жылдардағы қазақ ақындарының көпшілігі дерлік поэзияның әсемдік сипатын ойлай, шындықты философиялық, талғампаздық тұрғыдан жырлауды мақсат тұтпай жалаң үгітшілдікке, схематизмге, риторикаға бой ұрды. Және де өлеңдерде мадақ, дәріптеу, лепіру сарындарын сол тұстағы аға ақындардың көптеген шығармаларынан кездестіреміз. Рас, Сәбит Мұқановтың заман сырларын, уақыт әуендерін толғаудағы ізденістері, тапқыр жаңалықтары, Маяковский өнегесімен жазылған өлеңдері ол тұста маған көп әсер етті.


Алайда, мен секілді сол тұстағы жас ақындардың әлі шынықпаған балаң жырларына жоғарыда айтылған жәйттер сілемін тигізбей қойған жоқ. Күнделікті өмір дүбіріне, жалпы  саясат  сарынына жыр арнасақ – оларымыз Сәкен, Сәбит, Ілияс, Асқар, Ғали, Тайырлардың асқақ поэтикалық өлеңдерінің ізінде, көлеңкесінде жүрсе керек. Ал, философиялық талғамдарға баруға ой дүниеміздің тереңдігі жетпей жатыр. Дүниедегі   ұлылы-кішілі   ақын   біткеннің бәрі жасында өз жырларын махаббат лирикаcынан бастайды ғой. Тап сол тұста қазақ ақындары ондай


 


дәстүрлерден бойын аулақ ұстады. Аға ақындардың ішінен сыршылдық жырларға батыл берілген Әбділда Тәжібаев қана еді, бірақ Әбекеңді «ғашықтық жырға, мещандық әуенге берілген идеясыз ақын» деп сынап, үлкенді-кішіміз ұялы арадай ызыңдадық.


Мен өзім толғай алатын тақырыпты таппағандықтан, немесе өз ырғағымды дәл таппағандықтан ол тұста мардымды    ештеме    жаза    алмадым,    1937    жылы


«Социалистік Қазақстан» газетінің бірнеше сандарында жарияланған «Құлагер» поэмасы поэзия даласына найзағайдай   күркіреп   шыға   келді.   Бұрын   өзінің


«Дала», «Күйші», «Күй» дастандарымен бізді ерекше тебіренткен Ілияс Жансүгіров менің жыршылдық қиялымда поэзияның темірқазығындай жарқырады.


 


Сұрақ: Орыс және әлем әдебиетінің асыл үлгілерінен алған тәлім-тағылымыңыз жөнінде айтсаңыз.


 


Жауап: Әңгіме басында айтқанымдай мен бала шағымда ескі қиссаларды құлшына көп оқыдым, содардың арасында аударма жолдарымен немесе қазақшаланған шығыс дастандары аз емес еді. Кейін марқайған шағымда Фердоуси, Низами, Науаи, Рудаки тағы басқаларын мен ден қоя оқыдым,  бұл дана ақындардың асыл мұраларын ана тіліме аударып зор тағылым алғаным соншама, соңғы кезде Низамиге арнап «Әппақ-нама» атты дастан жаздым. Оқып- үйренудің ізгі пайдасы менің осы поэмамның сыр- сипатында, шығыс лебі аңқыған тіл өтімінде де айқын сезіліп тұр. Ал сонау мен поэзияға  қанат  қаққан кезде, жоғарыда айтқанымдай, ақындық дыбысымды еркін шығара алмай шарқ ұрып жүрген шақта батыс ақындарының ішінен ерекше әсер еткені – Байрон. Мен Байрон поэзиясының романтикасын, азаматтық ерлігін айрықша ұнаттым. 1937 жылы мен Байронның


«Чайльд Гарольд» атты атақты поэмасынан бірнеше


 


тараулар аударып, «Қазақ әдебиеті» газетінде және орта мектептің 8-класына арналған хрестоматиясында жарияладым. Өз ырғағымды, өз тақырыбымды таба алмай булығып жүрген кезімде Байронның өршіл өлеңдері мені толқындай тербеп жіберді. Менің 1938-39 жылдары жазған өлеңдерімде мынадай әуендер бар:


 


Бауырым іліп алсын деп, Алып келем көп томды, Шаттық жырын салсын деп, Ертіп келем Байронды.


Ертісте тудым мен өзім, Туған күні мені анам, Шомылдырған өзеннің Толқынына тулаған.


Содан бері өзеннің Қуаты енді жаныма, Желді күні жармастым Көгала толқын жалына.


 


Дүниеде данышпан ақындар көп, олардың асыл туындыларын,  әсіресе  жас  кезінде  сүңгіп  оқысаң



  • шығарғыштық қиялыңда әсерлі із қалдыратыны шексіз. Алайда, әр ақын дарындылық   мінезіне орай айрықша тәлім алатын ұлылары, ұстаздары болады. Бұл тарапта менің ауызға аларлық кейбір туындыларыма тікелей әсерін тигізген – Пушкин мен Лермонтов. Орыстың ұлы сөз кемеңгерлері Пушкин мен Лермонтов дүние жүзіндегі ақын біткеннің бәріне, әлем поэзиясының өркендеуіне ересен ықпал етіп келгендігі сөзсіз. Ал өз басыма келсем, «Орман қызы» және «Мариям Жагорқызы» атты поэмаларды Пушкин әсерімен жаздым. Сондай-ақ, соңғы кезде жазылған


«Тұрлаулы тағдыр» деген дастанымда Лермонтовтың әсерлі, адуынды ырғақтары бар деп   айтар   едім. Бұл  әсерлер  өзім  аударған  Пушкиннің  «Жәбірейіл-


 


нама», Лермонтовтың «Демон» атты поэмаларынан алған тағылым. Біреу айтар, мүмкін сіздің жазған тақырыптарыңыз осы заманның жайттары ғой, ал анау екі данышпанның жырлағандары, періште мен шайтан секілді рухани бейнелер емес пе деп. Бұл болмысы қабыспайтын екі дүниеде қандай байланыс, тағылым болмақшы дер. Жоқ, дәстүр, өнеге дегеніміз тақырып ұқсастығына, дәуір алшақтығына байланысты емес, тағылым, өнеге алу – сол ұлылар шығармаларындағы поэзиялық бейне жасау тәсілдерінен, кейіпкердің сыр- сипатын, қимыл әрекеттерін суреттеуге өрелі, сүбелі сөз, тосын теңеу, метафора беру секілді образдылық жүйелерінен үлгі үйрену  деген  сөз.  Менің  аталған үш дастанымнан «Жәбірейіл-нама» мен «Демоннан» микроскоппен қарасаңыз да олжаланған бірде-бір жол таба алмайсыз. Тіпті солардан ауысқан теңеу, метафора, эпитеттер де жоқ. Өнеге сол – бұл шығармаларымда сол ұлы ақындардың аталған туындыларынан дарыған ақындық манера, әсірелеу тәсілдері бар.


 


Сұрақ: Жастық кезіңізде жазған шығарма- ларыңыздан тәуірі деп қандай өлең, дастандарды атар едіңіз?


 


Жауап:  Әдебиеттегі  жас  кезеңім  деп  мен  1936-


41 жылдарды атар едім. Бұл да оқу-іздену шағыма жатады. Осы тұстағы өлеңдерімнен жоғарыда айтылған классиктердің ықпалымен жазылған бірлі-жарым жырлар болмаса, басқаларын пәлендей тәуір еді деп сүйініш ете алмаймын. Бұл кезеңде мен үш поэма жазыппын, олар «Кек», «Ақсақ құлан» және «Орман қызы», «Кек» поэмасына Павлодардағы азамат соғысының ері Балтабай Баратпаевтың өмірі арқау болған еді, бұл шығарманың үзіндісі «Лениншіл жас» газетінде 1939 жылы жарияланды. Ал «Ақсақ құлан» – бала күнімде естіген аңыз әңгімелерге, күйге негізделіп


 


жазылған еді, бұл дастан 1939 жылы «Әдебиет және искусство» журналының бір санында басылды. Бұл дастанды сол тұстағы тұрғыластарым тәуір шығарма деп атап жүрді, бірақ кейін өз көңілім оның көркемдік дәрежесін місе тұтпады, беріректе «Ақсақ құланды» түгелдей қайта жаздым. Сол албырт шақта жазылған жасаң жырларымның ішінен өзіме ұнайтыны «Орман қызы» атты поэмам. Бұл шығарма – өз замандасым, жас дарын туралы жыр етеді. Нысанамда сол тұста дабысы күллі Одаққа тараған қазақ халқының бұлбұлы атанған аяулы әншіміз жас Күләш елестеген еді, әрине, сюжет құрылысы өзгеше. Күләш бейнесіне қайдан жетсін, бұл ардагер керемет иесі дарынның тұлғасы әдебиет пен өнерде әлі бейнеленбей келеді. Ал менің поэмам дарынды қыз образын шама-шарқынша сол тұстың өлшемінше әжептәуір суреттелген секілді.


«Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған конкурста бәйге алды. Бұл  поэманың өзіме сүйкімді көрінетін себебі – мұнда менің жастық мінезім, классиктерден үйренген машық-мәнерім, албырттықпен шала басқан ырғақтарым лүпіл қағып тұр.


 


Сұрақ: Сіздің ақындық шығармаларыңызда тарихи тақырып үлкен орын алады. Бұл салаға неліктен көбірек ойыстыңыз?


 


Жауап: Алдымен бір   жәйді   ашып   алайық. Менің қырық жылдан бергі жазғандарымның ең негізгі тақырыптары – өз заманымның әуендері, халқымыздың ерлік істері мен еңбек адамдарының, жас ұрпақтың сыр-сипаты, мінез әрекеттері болса керек. Ал тарихи тақырыптарға күрделі дастандар жазсам – олар да халық туралы. Жалғыз мен емес, өткен заман тақырыбына келелі туындылар шығарған қаламгер бізде аз емес. Проза саласында өткен заман


 


бейнесін суреттеуді классикалық дәрежеге көтерген Мұхтар Әуезовтің «Абай романы», поэзияда Ілияс Жансүгіровтің «Дала», «Күйші» әсіресе, теңдесі жоқ


«Құлагер» поэмасы болды. Кейінгі кезеңде тарихи тақырыптарға арналған бірнеше роман, недәуір поэма, азды-көпті пьесалар пайда болды. Қазақтың сақа ақын- жазушыларының бірқатарының өткеннің өрісіне бет бұруы неден десек – мұның өзі біздің әдебиетіміздің тарихына байланысты. Қазақ әдебиетінің өткенінде, мысалы, орыс әдебиетіндегідей өз халқының өткен заманын, одан арғы тарихи айтулы кезеңдерін молынан сипаттаған бұрын ақын-жазушылары болған емес. Тек жыраулар ғана ата тарихын аздап толғап кетті. Әлбетте, біздің қазіргі ақын-жазушыларымыз өзіміздің осынау тамаша заман бейнелерін құлшына, кеңінен суреттеуге тиісті. Солайда жыл сайын шығып жататын жүздеген көркем шығармалардың қатарында халқымыздың өткендегі ерлік күрестерін, «абзал адамдарын сипаттайтын бес-алты кітап жүрсе – бұл оқырмандар мүддесіне қилап келмейді, қайта тарихымызды тереңірек тануға көмектеседі.


Ақын үшін халқымыздың өткеніне тебіренер уақиғалар аз емес. Мен Ілияс Жансүгіровтың


«Құлагерін», «Күйшісін» алғаш оқығанда-ақ қайтсем де тарихи тақырыпқа осы үлгіде дастан жазармын деп серт еткен едім. Ақыры жаздым білем...


 


Сұрақ:          Тарихи           тақырыпқа           жазылған дастандарыңыздың негізгі бейнелері, идеялық түйіндері жөнінде айтсаңыз және бұл ретте ерекше жақсы деген туындыларыңызды атай кетсеңіз?


 


Жауап: Азды-көпті дастандарымның қайсысында болсын идеялық тұрғысы халықтың ерлігін, даналығын суреттеуге бағышталды. Әдебиет жұртшылығының пікірінше жақсы туынды деп табылған және өзіме


 


ең асыл дүнием болып көрінетін «Ақсақ құлан» дастанында              Шыңғысхан     шапқыншыларынан     азап- қорлық көрген халқымыздың ыза-зары шертіледі. Халықты жауыз ханның дозағынан құтқаруға өз өнерін қару еткен, жанын құрбандыққа жұмсаған ер күйшінің бейнесі толғанады. Бұл дастанды алғашқы нұсқасы жарияланған кезден 25 жыл өткенде қайта жазып шықтым, белгілі аңыздың шеңберінде қалмайын деп поэманың әлеуметтік сырларын тереңдетіп, сюжеттік арнасын   кеңейттім.         Әсіресе, кейінгі                   жаңарған нұсқасында поэманың көркемдік сапасын күшейтуге бойымдағы бар ақындық қызуымды төккен шығармын. Елуінші               жылдардың                                     басында           жазылған


«Мариям Жагорқызы» атты поэма да менің жарқын шығармамның бірі деп айта аламын.


Поэмамды жазарда мен кейіпкерім атақты «Дударай» әнінің авторы Мәриям Жагорқызымен кездестім (1949). Қазақстан композиторларының съезіне келген ол кісі бурыл шаштарының жаулығынан шашыраған талдарын ибамен әрі сырып қойып, ғашығы Дүйсен екеуінің тәтті шақтары, қуғын көрген кезеңдері жайында шешіле әңгіме шерткен еді.    Менің поэмам жарыққа


шыққанға дейін Мәриям дүние салды. Тірі болып оқыса, шәк жоқ, разы болар еді. Рас, кейбір сылтың басқан ырғақтарымды ширатып, кейін аздап шынықтырдым да. Ал оқырмандар мен сыншылар тарапынан бұл поэма да өз дәрежесіне лайық сыбағасын алып келді. Үшінші бір күрделі шығармам – «Дала комиссары» атты поэма. Бұл поэмада атақты революционер Әліби Жанкелдиннің бейнесі, жауынгерлік істері суреттеледі. Бұл шығарма да тарихи шындықтан туды. Жасымнан жақсы біліп, ол кісіні халқымыздың ардақты ұлы деп біліп тұлғасына бұрыннан сүйсінуші едім. Оның үстіне 1942  жылы егіс маусымы кезінде Жамбыл ауданында бір айдай Әлекеңнің қасында болдым. Сол сапарда Әлекеңнен өзінің   ереуіл   шақтары   жайында,   Амангелді   және


 


басқалар жайында нелер қызықты әңгімелер естіген едім. Сондай әсерлер бойынша аз уақыт өткеннен кейін (1960) «Дала комиссарын» жазып шықтым. Негізінен дұрыс жазылған бұл поэмада асығыстық та, (Қазақ ССР-ның 40 жылдығына туралаған едім) геройдың өмір белестерінен әрірек аспағандық та сезіледі. Мұның үстіне, болған уақиға мен уақыт аралығының алшақтай түсуі, тарихи шығармалардың ауқымын кеңейтуге, әсірелеуге үлкен мүмкіндік туғызатын шарт секілді.


Өз кезеңдерімнің тақырыбына арналған шығармаларымның ішінде тәуір деп «Тұрлаулы тағдыр» поэмасын атар едім. Бұл поэма жас замандастың тағдырын, іс-әрекетін, достық-махаббат сезімдерін шертетін күрделі поэма. Алғашқы нұсқасына ерсілі- қарсылы пікір айтылғандықтан, сынға көнбіс басым, мұныжақсартып,қайтаөңдепшығардым,бұлпоэмадағы бір ерекшелік – мұнда мен тек жас инженердің қилы- қилы тағдырын ғана жырлаған жоқпын, сонымен бірге Жезқазған шахтасының атақты кеншісі, керемет іскер, ерекше мінезді адам Ысқақ Анарқұловтың тұлғасын барынша толғап бақтым.


Жоғарыда айттым, халқымыздың ардагер адамдарының тағдыры мені ерекше тебірентеді. Бала күнімнен менің қиялымда асыл бейнелер  ұялаған Ақан сері мен Сәкен Сейфуллин жөнінде қашан, қалай толғанам деп ұзақ ойланған едім. Екі ардагер адамның қилы тағдырларына өз басымның сол бір шақтағы шытырман уақиғасы ұласты ма, әйтеуір екі кемеңгерге арнап екі поэма жаздым, Сәкенге – «Сұңқар туралы аңыз», Ақанға – «Соңғы сайран» атты екі шағын дастан арнадым.


Тарихи тақырып дегеннің шекарасы жоқ. Революция дауылы, Ұлы Отан соғысының сұрапыл оттары, кешегі тың майданы – қазіргі ұрпақ үшін біздің жырларымыз да әрқашан дүбірлейтін тарих. Оқырмандар «Мына шалың ескішіл ақын емес пе?» - деп шүбәланбас үшін


 


ескерте кетейін – менің дастандарымның тең жартысы Ұлы Октябрь революциясының қаһармандарын, данышпан Лениннің асыл бейнесін   жырлауға, қазіргі заман жастарының еңбектегі ерлігін, өмірдегі сыр-сипаттарын толғауға бағышталады. «Кремль сақшысы», «Дала комиссары», «Ертіс хикаясы»,


«Тұрлаулы тағдыр», «Шардара» сынды дастандарым бұл айтқанымды дәлелдейді.


Халқымыздың   ерлік   тарихын,     тәуелсіздік үшін күрестегі айбынды уақиғаларын сипаттауға бағышталған «Ұлан асу» атты пьесам да менің өзекті шығармаларыммен сабақтас.


Соңғы шақтағы поэзиядағы менің үлкен бір игілігім



  • «Әппақ-Нама» дастаны. Жасымнан шығыс әдебиетіне құмар басым ұлы Низамидің де өмірі мен шығармаларын зер салып, құныға оқыған едім. Низамидің өз тағдыры, керемет дастандарының тууына себеп болған Әппақ бейнесі мені Хазардың теңізіндей тербетті. Мен бұл дастанды Низамидің өз тілімен жазғандай болдым. Кейбір жыбырлақ ақындар дастаныңызда араб- парсы сөздерін мейлінше қолданып кетіпсіз ғой деп күңкілдейді. Түсінбегендік. Егер «Шардара» поэмасына араб-парсы сөздерін шылқытсам, күлер едіңіздер. Дастанның бүкіл болмысы Низами поэзиясының әлемі

  • жауһар теңізіндей ғой, мен соған сүңгідім.


 


Сұрақ: Қазіргі ақындардың поэмаларынан қандай туындыларды бөліп атар едіңіз?


 


Жауап: Поэма жазу – біздің әдебиетімізде қалыптасқан   дәстүр.   Мен   өзім   Ілияс   Жансүгіров


«мектебінен» шыққан дастандарды ұйып оқимын. Бірақ барлық ақынды «бір қалыпқа» салу қиын. Қазір бізде түрліше үлгімен жазған,  әрі  сюжетті, әрі философиялық талғамы бар жақсы поэмалар туындап   келеді.   Тарихи   тақырып   орайына   қарай


 


айтсақ – Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы», Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын», «Кісен ашқан», Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы», Мұзафар Әлімбаевтың «Естай-Хорлан», Әбділда Тәжібаевтың


«Майра» сынды поэмаларын ықыласпен атар едім. Тарихи тақырыптың шегі жоқ дедік қой. Біздің кейбір ақындарымыз марксистік революция қозғалысының тарихына батыл бара бастады. Бұл ретте маған марқұм Мұқағали Мақатаевтың «Мавр», «Аппассионата» атты дастандары мен Әубәкір Нілібаевтың «Интернационал» атты поэмасы ерекше ұнады. Ал осы заман тақырыбына жазылған шағын ғана жақсы поэмалар туғанына қуанбасқа болмайды. Алдымен біздің заманның белесі – Отан соғысының қаһарлы және күйінішті сырларын шерткен Тұманбай Молдағалиевтің «Хаттар, хаттар», Нұтфолла Шәкеновтың «Қазақ жаны», Сағи Жиенбаевтың «Әлия», Есләм Зікібаевтың «Жеңеше» сияқты поэмаларын жақсы туындылар деп санаймын.


Қазіргі дәуірдегі еңбек адамдарының ерлігін жырлау – барша қаламгерлердің басты парызы. Өткен съездерімізде де бұл өзекті мәселе болып қойылды. Осы тарапта біздің поэзиямызда тамаша туындылар пайда бола бастады. Бұл ретте Жұбан Молдағалиевтің


«Қыран далам», Мұхтар Шахановтың «Танакөз», Мыңбай Рәшевтің «Бастау», Оспанәлі Иманалиевтің


«Ақ    түтекпен    арпалыс»,    Жеңіс    Қашқыновтың


«Бәйшешек» атты поэмаларын разылықпен айтамыз. Қазір поэманың тақырыптық шеңбері кеңіп келеді. Шетелдік бауырларымыздың азаттық күрестеріне арналған дастандардан Қайраттың «Шаш шаһарында», Қабдыкәрімнің «Армысың, Арабстан», Кәкімбек Салықовтың «Че Гевара» атты шығармаларын атар едім.


Поэма саласында қызу   еңбек   етіп   жүрген Жұбан Молдағалиевтің «Сел» атты дастаны қазіргі поэзиямыздың бір шоқтығы демекпін. Ал тарихты


 


өлеңмен барлау тек поэма саласына тән десек – қате болар еді. Бұл тарапта халқымыздың өткендегі арман- шерін лирикалық сарынмен күңірене жырлаушы Қадырды айрықша бағалауымыз жөн.


Сұрақ: Қандай сәттерде өлең туатынын оқырмандарыңызға сыр ғып айтпайсыз ба, Қалеке?


Жауап: Өлең туа қалатын пәлендей бір сәтті шақтар бар деп айту қиын. Меніңше жақсы өлең – мазасыз тебіреністен шығады. «Осы тақырыпты жыр ете қояйын» дегенмен мардымды ештеңе шықпас. Өзім жазған поэмалар мен жақсы деген өлеңдерім – өз жанымды тебірентіп, маза бермеген ойдан, қиялымда дүбірлеген әуендерден туса керек. Жаным сүйген тақырып жүрегімді тербейді де, жазбасқа қоймайды. Шын тебіреністен туған өлең – асқардан ақтарылған тас бұлақтай тегеурінді болуға тиісті. Не жазса да ақынның өз мінезі, өз «мені» болуы шарт. «Мені» жоқ ақын, жасық ақын. Ал өзі жасықтың – сөзі жасық.





Пікір жазу