12.04.2022
  315


Автор: Қалижан Бекхожин

НЕМІС ХАЛҚЫНЫҢ АСА ҰЛЫ АҚЫНЫ

Иоганн Вольфганг Гете – немістің ұлы ақыны және бүкіл батыс европалық асқан классиктердің бірегейі.


Гетенің      алуан      тақырыпты,        терең      мағыналы туындылары ХVIII ғасырдың ақыры мен ХІХ ғасырдың басындағы неміс әдебиетінің бір белесі болып табылады.


Маркс пен Энгельс Гетені асқан дана ақын деп аса жоғары бағалаған.


Иоганн Вольфганг Гете Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 1749 жылы 29 августа дүниеге келді. Гетенің әкесі сол қаланың ірі бай, әрі белгілі шенді қызметкері болыпты. Гете жастайынан көбірек білім алуға, ғылымға зер салуға құмартады. Болашақ ұлы ақын он алты жасында Лейпциг қаласындағы университетке оқуға түсіп, заң ғылымын зерттеумен шұғылданды. Студенттік және кейінгі есейген шақтарында да Гете заң, философия ғылымдарын зер сала зерттеумен қоса табиғаттану саласында да ерекше зейін қояды. Алайда табиғатынан дарыны басым Гете поэзияға беріле құштар болады.


Гете тірлік еткен заманда, яғни ХVIII ғасырда, Германия жүздеген уақ мемлекеттерге (герцогтықтарға) жіктелген бытыраңқы ел еді. Сол бөліктің бірі Веймарда Гете біраз уақыт әкімдік орындарында басты қызмет атқарды, тіпті министрлік дәрежеге де ие болды.


Бірақ Гетенің даңқын дүниеге шығарған оның ақындық өнері, тамаша поэзиясы.


Гетеөзініңданалыққатолыкереметшығармаларында ХVIII-ХІХ ғасырдағы неміс қауымының қилы-қилы дәуір сипаттарын, дүние танымын, тарихи әлеуметтік ой-санасын терең толғайды.


 


Бұрын да, қазір де батыстың буржуазияшыл әдебиет сыншылары Гетені дәуір тартысынан аулақ «олимп» ақыны, яғни, асқақ думанды жәйттерді, шат-шадыман әуендерді жырлайтын сері ақын деп өздерінше дәріптеп келді.


Адамзат баласына, дүниежүзілік мәдениет салтанатына «Фауст» сияқты философиялық, тарихи асыл мұра жасап кеткен ұлы Гете – «сайран-сауықтың» жыршысы емес, ол – адам тағдырын, халықтар тағдырын терең толғаған ақын.


Гете тірлік еткен дәуір Европада қым-қиғаш қайшылықтардың, дүркін соғыстардың, Наполеон жорықтарының, кейініректерде – Францияның монархияға қарсы революциялық қозғалыстарының, жұмысшылардың азаттық күрестерінің асқындаған дәуірі еді. Бұл секілді терең тамырлы   өршіген саяси тартыстарды ақын Гете дәйім терең түсіне қоймады, оларға қырын қараған кездері де  болды. Гете көзқарасындағы осындай қайшылықтарды дәл пайымдаған Энгельс «Солай болғандықтан Гете – кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде ол – дүниені менсінбейтін, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы, тар филистер секілді» деп әрі жоғары баға, әрі қатал сын айтқан.


Алайда Маркс пен Энгельс – Гетені бағалағанда оның мұндай кейбір қиғаш көзқарастарын негіз етпеген, «аса данышпан» ақынның ұлы туындыларын өнеге тұта, ерекше қадірлеген.


Гетенің ұзақжылдар бойы терең толғаныспен жасаған ұлы мұрасы – адамзат баласының тағдыры, тірлік қасіреті жайындағы ұлы трагедиясы. «Жас Вертердің қасіреті» атты прозалық шығармасы өктемдік, озбырлық ортадағы жас адамның көрген зәбір-жапасы, махаббат  азабы  жырланса,  «Герман  мен  Доротея»,


«Рейнекке Лис» сияқты ғажап поэмаларда адамның абзал  қасиеттері  мен  қасіреті,  «Торкватто  Тассо»,


 


«Эгмондт», «Мұқамбет» атты трагедияда ел бастаушы тарихи адамдардың тағдырлары суреттеледі. «Гец фон Бергихинген» повесінде шаруа көтерілісін бастаушы сері,ерадамныңбейнесінжасайды.Гететуындыларының бірқатарында көне классицизм сарындары, кейде тарихтағы кейбір мифтік, діни, немесе кезіндегі ұлық мырзаларды игі тұта жырлаушылық кездеседі. Бірақ Гетенің ақын жаны – жалпы аздамзатты, достықты, бұқара халықты жүрекпен қадірлеуі, солардың тірлік өміріне, әрекетіне сүйсінуі күшті. Өзінің бір сөзінде ұлы ақын – «Тақтар мен патшалықтардың ойрандалуы мені қынжылтпайды, шаруалардың үйлері өртенгені мені тебірентеді – міне нағыз трагедия», – деп күңіренеді.


 


Жүрмін мен айдын далада, Билеп жүр сонда шаруалар. Шын адам қалыс қала ма:


Солармен жүрсем жөн болар, –


 


деп, бір өлеңінде халыққа мейірімді   ақын   ізгі пейіл сездіреді. Гете тірлігінде өзінің көптеген өлең кітаптарына беташар болған «Арнау» деген өлеңінде поэзия құдайын іздеп (дарын рухын аңсап) биік шыңға өрмелеп шыққандай болды. Ақынның бұл символдық ұшқыр қиялы болса да, жыр періштесімен кездесіп, поэзиясының парызын – халыққа, «туыстарға» қызмет ету деп өзіне мұрат тұтады.


Гетенің поэзиясы сан қилы. Ұлы ақын әрі асқан лирик те, әрі философ және тарихты терең толғаған эпик те. Гетенің лирикасы сан алуан.


Гете өлеңдерінде назды махаббат лирикасы, философиялық лирика, көңіл мұңын шертетін элегия, ода, арнау жырлары мол орын алады. Өзінің тұстас досы, немістің екінші бір ұлы ақыны, драмматургі Шиллер сияқты Гете де баллада жанрының шебері болғаны анық. Жас шағынан жүрегі махаббат сезімімен


 


қайнар бұлақтай тебіренген ақын, талай аруларға ынтызарлық сездірген сері Гете – ұлғайған шағына дейін ғашықтық сырларды егіле, беріле жырлады. Гетенің махаббат лирикасында талай ханымдардың, арулардың есімі кездеседі. Гете ынтыға жыр арнаған бұл сұлулар ақынның тұсындағы сырластары болған. Белинда, Тереза, Шарлотта сынды арулармен Гете жасырақ немесе орта жастағы шағында сырлас болса, махаббатқа жаны берілген сабаз ақын жасы жетпістен асқан шағында Ульрика деген 17 жастағы қызға ғашық болып, соған арнап жырымен мұң төгеді. Сұхбаттас қыз ұлы ақынның үміт күдерін үзген шақта, кәрілік жасына қарамастан, сырбаз Гете «Элегия» деген жырында қызға арнап күңірене жыр толғайды. Реті келген соң айта кетейін, осыдан он шақты жыл бұрын, Чехославакиядағы Карловы Вары курортында дем алған кезімде мен сол курортта Гете тұрған үйді де, жас Ульрика тұрған үйді де көрдім. Мұнда ұлы ақынға ескерткіш қойылған. Сонда қарт Гете мен жас Ульрика тау бөктерінде көзіме елестеп толғанып «Гете жүрген ізбенен» деген сыршыл өлең жаздым. «Қайран, Гете, саған ұқсап солай бір жүрсем-ау!» деген пендешілік лебіз білдірген едім.


Гете – өзінің ақындық, даналық қағидасында адамзат баласының ынтымағын, бір халықты бір халық қорламауын аңсаған ұлы ақын.  Сол  ізгі  пейілмен Гете жас шағынан көне Рим, Греция ескілікті асыл мұраларына, тарихи ұлы адамдарына ықыласпен ден қойса, Шығыс, Орта Азия асылдарына да сондайлық іңкәр болған. «Шығыс поэзиясы аспанында жарқыраған жеті жұлдыз бар!» – деп сүйсінген Гете. Солардың тобынан әйгілі Хафизге айрықша ізетпен бас иеді:


 


Қайран Хафиз! Қайтіп саған тең келем? Мынау неткен сандырақ!


Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,


 


Айды жарып жарқырап,


Сенің жырың кейде өзендей ағынды, Сусын берер қандырып


От толқындай кейде шашар жалынды, Жүрегімді жандырып.


 


Батыстың дана ақыны Шығыстың шаһбаз шайырына осылай ден қояды да, «Батыс – шығыс диваны» деген атпен Хафизге үндестіре керемет жырлар жазады. Немістің данышпан ақынының бұрынғы көптеген ақындар өздеріне зор өнеге тұтқан, орыстың ұлы ақындары Пушкин мен Лермонтов Гетені айрықша бағалап, оның ұлы туындыларына сүйсіне ден қойған.


Біздің ұлы Абай Лермонтов арқылы неміс ақынының тамаша өлеңімен танысып, оның «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін қазақ тіліне аударып, оған өзінше әсем ән шығарған. Гетенің әлемге әйгілі «Фауст» трагедиясын неміс тілінен қазақшаға неміс тілінің маманы Медеубай Құрманов 1971 жылы аударып, жеке кітап етіп шығарды.


Мен өзім Гетенің бір-екі өлеңін 1937 жылы аударып


«Қазақ әдебиеті» газетінде жариялаған едім. Ал, 1965 жылы аударып «Мектеп кітапханасы» сериясында ұлы ақынның мен аударған бес жүз жолдай лирикалық өлеңдері шағын кітапша болып жарық көрді.


1983 жылы «Жазушы» баспасы Гетенің қайтыс болғанына 150 жыл толуына арнап лирикаларын кітап етіп шығарды. Ұлы Гетенің «Таңдамалы лирика» кітабын аударуға маған қосыла қазіргі белгілі ақындарымыз Қуандық Шаңғытбаев, Сәкен Иманасов, Асқар Егеубаев қатысты.





Пікір жазу