11.04.2022
  454


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сүю деген бақыт емес

Сүю деген бақыт емес,


Бақыт емес қарағым 


Сүю деген тәтті емес 


Сүю деген қара мұң.


Ғашық болсаң бір жанға


Күйесің ыстық отына


Бақытсыз болып жүресің 


Жолама қызыл шоғына.


Бақытсыз болып жүргендер


Шынайы сүйіп көргендер,


Бақыттың дәмін ұмытқан


Бақытсыз болып жүргендер.


Арнайсың оған сезімді


Уақытты бөліп бірнеше,


Тапсырасың жүрегіңді


Сеніменен күн кеше.


Қамалып қара бөлмеге,


Үзесің барлық үмітті


Сағынсаңда оралмайд


Осыменен күн бітті.


Сезім деген ащы у


Емі жоқ мүлде табылмас,


Сағынсаңда қаншама


Өткен күн мүлде оралмас.


Махаббатқа асықпа...


Сүре бер қызық өмірді,


Сүю деген бақыт емес


соны мүлдем ұмытпа!


 


 


 





Пікір жазу