10.04.2022
  4130


Автор: Жеңіс күні

Ұлы жеңіске 77 жыл. 9 мамыр

Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. 1941жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт ішінде бұл сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы Республикалары азаматтарымен қатар, қазақстандықтар да қатысып, ерен ерлік көрсеткен. Еліміздің сан ғасырлық тарихында Отан алдындағы адал қызметімен ел есінде қалған батырларымыз аз емес. Көз тоймас қайсарлығымен ел есінде қалған ержүрек батырларымыз Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Ғ.Ергешов, Ш.Жексенбаев, С.Мамырбеков, Р.Қошқарбаев, Т.Бигельдинов, С.Рахимов және т.б. Бұл сұрапыл соғыс еліміз үшін ең ауыр соққы болғанымен, еліміздің бетке ұстар ержүрек батыр бабаларымыздың арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекетке айналып, биыл ұлы жеңістің 77 жылдығын атап өтудеміз.
Ұлы жеңіске 77 жыл толуына орай, ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым қылу ретінде жадымызда мәңгі ұстаймыз. Қанша уақыт өтсе де, ұлы жеңіс жолында ерлікпен қаза тапқан, Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі сақталмақ. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырлары тарих төрінен мәңгілікке орын алады.





Комментарии

21.05.2022 10:25
ұлы жеңіске 77-жыл

Пікір жазу